Ұлы өнерімен Ұлы даланытербеткен, мәңгілік өмірдің жоқшысы, күллі түркі әлемінің ортақ ұраны – Қорқытатамызға арналған алқалы жиынның Сыр елінде өтуі тегін емес.
Халықаралықдеңгейдегі конференция түркі елдерінің өзара мәдени деңгейін, халықтық өнердісақтаудағы тәжірибелерін зерделеуге мүмкіндік береді. Біз бүгін конференцияғатың мәліметтермен келдік. Ата-бабасы Маңғыстау жерінде дүниеге келгенУәлимұхамед бауырымның өнегелі ісі көпке үлгі деп білемін. Оның әкесі дүниесалмас бұрын баласына «Сенің алдыңда әлі өмір бар. Сондықтан қалған өміріңдіата-бабаңның өмір жолын жалғастырар қолжазбаларды жинаумен айналыссаң дұрысболар еді» деп өсиет еткен. Уәлимұхамед 15 жылдан бері қолжазбаларды жинауменайналысып келеді. Сондай қолжазбаның бірі – Қорқыт ата кітабының жаңа жазбасы.Құнды дүниенің түркі халқына берері мол деген сеніммен түпнұсқаның көшірмесінСыр жұртшылығына әкеліп отыр. Осыдан 7-8 жыл бұрын келгенімде Қорқытбабамыздың жатқан жері сондай аянышты болатын. Ал қазір адам танымастайөзгеріп, туристер жиі келетін құтты мекенге айналғанын естіп, қуанып отырмын. Бұйырса, фестивальдің жабылу салтанатында сол жерде болып, зиярат етеміз.Конференция жұмысына сәттілік тілеймін.
Нияз ТОБЫШ,
аудармашы.
Маңғыстау облысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<