Ой

417

0

Ой терең ойнар нәқән теңізден де,
Тың тұрған тіл сүзеген өгізден де.
Нәқәннан нар жұтатын нәпсің жаман,
Қанағат қылмайтын аз жегізгенге.
Игеріп осыларды ала алмасаң,
Ерлерім, ауруыңа ем ізденбе.
Дос тұтып, дүниенің ерме ізіне,
Кемді күн «дәулетін – ай!» дегізгенге.
Сағымнан – су табылмас, мұнан – опа,
Кергенмен кеулің жақын егізден де.
Онан да оны қойып туралық қыл,
Нық тұтып ниетіңді негізден де!
Пайда не патша болып тақ мінгеннен,
Жай таппай жалтақтасаң сегізден де.
«Опасыз дүние» – әр қазаққа таныс сөз. Тірлікте осы опасыз үшін әркім тыраштанады. Бірақ, негізгі құндылық дүниемен өлшенбейді.Адамның болмысы басына жиған дүниесінде. Кеуде сарайы кең болған сайын, дүниеге көзқарасыда өзгере бермек. Басқа жұрттың тамсанғанынан болмаса жалынышты болғанынан еш пайда жоқтығын, кемді күн дәрежеге қызықпау керектігін айтады.» Пайда не патша болып тақ мінгеннен, жай таппай жалтақтасаң сегізден де» – дегенде, ертең бахи жайға барғанда сегіз жұмақтың бірінен жай бұйыратындай ізге амалдарға иелік жасауды насихат етеді. Тұрмағамбет ақынның өлеңдерінің дені ақыл-насихат түрінде болуы, оның терең білім иесі екендігінде.

Берік САЙМАҒАНБЕТОВ,

жыршы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<