Қазақтың тағы бір ақыны дүниеден өтті

1300

0

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жәркен Бөдешұлы 77 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне ақынның жары растады.

«Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Кеше түнде қайтыс болды», – деді марқұмның жесірі.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық республикасының Тарбағатай аймағы Толы ауданында Жайыр тауында туған. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Әр жылдары кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

Ақынның «Көкше құрақ», «Қос қанат», «Зейін», «Аспан даусы», «Нұрлы бояулар», «Жұлдызға орнын ай бермес», «Емендер түнде бүрлейді» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<