«Қоңыр әңгіме » рухани кеші өтуде

27753

0

Бүгін Достық үйінде облыстық мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Қоңыр әңгіме» рухани кешi өткiзiлiп жатыр.

Кеш қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, жырау Алмас Алматов.

Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Сыпатаев қатысып, өз өнерін ортаға салды.

Тағылымы мол өнегелі шараны танымал айтыс ақыны Мұхтар Ниязов тiзгiндедi.

Көрермен назарына «Қазына» дастаны тарихиынан түсіндірме айтылып, қазақы тәлім тәрбие жайлы әңгіме айтылуда.

Қоңыр әңгіме кешіне зиялы қауым өкілдері, қала жастары мен тұрғындар көптеп қатысты.

Тұрар Бекмырзаев,
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<