Сөз зергерлері Сыр саңлағын өрнектеді

1569

0

Діндар-ғұлама Мырзабай ахунның 190 жылдығына арналған «Сыр саңлағы – Мырзабай ахун» атты облыстық онлайын жазба ақындар мүшәйрасы мәреге жетті.

Жастайынан зерек, білімге құмар болып өскен Мырзабай Азаматұлы Бұқарадағы Көкілташ медресесін үздік бітірген. Ол діни оқулармен қатар астрономия, математика, медицина, философия ілімдерін де толық игерген. Бұған қоса әулиешілік, емшілік, сақи-жомарттық қасиеттерді де бір бойына жиған ілімдар кісі шамамен 1903-1905 жылдар аралығында туған ауылы маңынан асар арқылы мешіт салғызып, ел ішінің балаларын имандылыққа, сауаттылыққа баулыған. Елдің басын құрап егіншілікке, халықты бірлікке шақырған.

Мүшәйраға қатысқан ақындар ахунның осындай азаматтық бейнесін ашуға талпынған, тұлғаның бейнесін жас ұрпақ жадына салған.

Ақындардың жасына шек қойылмаған мүшәйраның бас бәйгесін «Сыр бойы» газетінің қызметкері Дүйсенбек Аяш­ұлы олжалады. 1-орынды жала­ғаштық жас ақын Дамир Айтбай алды. 2-орын аралдық Ерғали Абдуллаевтың ен­шісіне тиді. 3-орын жала­ғаш­тық белгілі ақын Қуат Әдис пен қызылордалық Ұлықбек Тәңірбергеновке берілді.

Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды.

Мүшәйраны облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-про­дюс­­серлік орталығы мен Жа­лағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйым­дастырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<