Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Сыр дарыны» жастар шығармашылық байқауы жарияланды. Байқаудың мақсаты – облыс жастарының шығармашылық қабілеттерін шыңдау және насихаттау.
Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің шығармашылығын дәріптеу арқылы өнер мектептерінің мәртебесін арттыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов баяндады.
– Байқау облыстық ішкі саясат басқармасы, қала және аудан әкімдіктері, «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Іріктеу кезеңі 10-18 маусым аралығында қала және аудандарда өтіп, республикалық жас ақындар айтысымен түйінделеді. Байқау жазба ақындық өнер, айтыс, дәстүрлі ән және жыр-терме бағыттары бойынша өткізіледі.,-деді облыстық Жастар ресурстық орталығы КММ директорының орынбасары Мақсат Дауылбай.
Сонымен қатар, облыс бойынша іріктеуден өткен жеңімпаздарға сала мамандарының, танымал дәстүрлі өнер иелерінің танымдық семинарлары, мастер-класс оқытулары жүргізіледі. Барлық қатысушыларға арнайы диплом және алғыс хаттар табысталады. Ұйымдастырушылармен байланыс телефоны 30-01-21,е-mail: molodezh_kyz@mail.ru
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<