Тау тұлға Тұрмағамбет

645

0

Ал мен бар, жоқ пенен бер бірге туған,
Ал мен бар ажал жетіп өлген удан.
Жоқ пен бер жұрт біткенді жүр аралап,
Жанына жолдас ертіп өңкей қудан.
Жоқ-жоқ деп, жұрттан асқан байлар дағы
Құтылар қолға түспей қалың дудан.
Бер-бер деп, бір пара қу бойыңды ерітіп
Май алар ас қатықтық ұрттам судан.
Көзіңе кейпім күйкі көрінгенмен,
Құтқармас қуған аңын мен бір будан.
Дамолла Тұрмағамбет қолын қойдым,
Әулеті Кіші жүздің Кете рудан.
Жарықтық Тұрекеңнің осы жерде айтылған төрт қасиетке берген бағасы әлі күнге мәнін жойған емес. Осыдан-ақ ақын жырларының өміршеңдігін байқаймыз. Қазір күні де жоғарыда отырғандарды майлы ішекше айналдырып, дегеніне көндіріп жүрген пысықайлар қаншама?! Қандай дәуір болмасын «Ал мен бар» аз айтылып, «жоқ пен бер» алдыңғы қатарда.
Алдынан аң құтқармас, қуса жететін, қашша құтылатын нағыз тұлпар Тұрмағамбет әкемнің жырларын нағыз тәрбие құралы деуге әбден болады. Ақиық ақын 56 жыл өмірінде артына қаншама мол мұра қалдырды.
Адамдық қасиетке жастан жармасқан жанға, қоғамнан бөлек тағдыры да іштарлық жасады. Шығыс халықтарына тән поэзиядағы нәзира дәстүріндегі жырлардан ұрпақтың алары көп.

Берік САЙМАҒАНБЕТОВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<