Аллаға шүкір айту кез келген иісі мұсылман адамға міндет болған амал.. Құранда Алла тағала «Егер шүкіршілік етсеңдер, нығметімді арттырамын» деген. Біз Аллаға неғұрлым жаудырып жатқан толассыз нығметтеріне шүкір етсек Алла брерін одан сайын арттырамын дейді. Жүсіп Баласағұни «Шүкіршілік қылғанға шыр бітер» дегенді текке айтпаса керек ?!
Жалпы шүкірді ислам ғалымдары үшке бөледі:
- Жүрекпен шүкір айту немесе санамен, Алланың берген нығметі екенін ойға қалыптастыру.
2. Тілмен шүкір айту
3. Амал арқылы шүкір ету (денемен)
Жүрекпен шүкір айту, Алланың берген нығметтеріне шүкір деп барлық нығметтің Алла тарапынан сый ретінде беріліп жатқанына жүрекпен илану. Құранда: «Сендердегі әр бір нығмет әлбетте Алладан (сыйлық етілген)» – деген.
Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадисінде: «Уа, Алла Тағалам! Осы таңда маған немесе жаратқандарыңның біріне берілген қандай да бір нығмет, ол бір Өзіңнен ғана. Сенің ешбір серігің жоқ. Айтылған бар мақтау мен сансыз алғыс бір Өзіңе ғана тиесілі» -деген.
Бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз с.ғ.с.«Кімде- кім бұл дұғаны таңертең оқыса, Алланың алдындағы сол күнгі, ал кім кешке оқыса, сол түнгі шүкіршілік ету борышын шын өтеген болады», – деген
Тіл арқылы шүкір айту жайлы Құранда Алла Тағала: «Раббыңның әр нығметін шүкірлікпен жадыңда ұста және өзгелерге айтып жүр» . Пайғамбарымыз с.ғ.с «Алланың берген нығметтерін айта жүру, шүкіршілік» деген.
Олай болса Алланың берген нығметін тілге тиек етіп, басқаларға да соны айта жүруіміз,әр-бір нығметтің Алладан екенін біліп, оны ұмытпай жадымызда ұстауымыз нағыз шүкіршіліктің белгісі.
Амалмен шүкір айту, адамның Аллаға деген рахметі, ол намаз, ораза, зекет арқылы болмақ. Айша анамыздан жеткен мына хадисте Пайғамбарымыз с.ғ.с аяқтары ісіп кеткенше түнде тұрып намаз оқитын еді, сонда Айша анамыз не үшін бұлай жасайсың иа Расулалла?! Сені Алла тағала кешірді емеспе?! деген кезде: «Менде шүкір етуші болмаймын ба?! деп жауап бергенді.
Тақырыбымызды мына бір мысалмен түйіндесек. Бірде патша өзінің қол астындағы қызметшілеріне бір сыйлық беріп, соны діттеген жеріне апарып беруін бұйырады. Сонда жаңағы сыйлықты алушы , рахметін сыйлықты әкелуші патшаның қызметкерлеріне айтып патшаның өзіне рахмет айтпаса қандай орынсыз жағдай. Тура сол секілді бізде шүкірімізді, рахметімізді шынайы иесі Аллаға айтуымыз қажет. Аллаға шүкір!!!
Ендеше бізде шүкірді,рахметімізді шынайы иесі Аллаға айтып һәм медет тілеп Аллаға шүкір дей білейік.
Мағжан Өмірбеков,
облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің наиб имам
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<