«ТЫҢДА МЕНІ ЖҮРЕКПЕН»

913

0

Қызылорда қаласындағы А.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапханада «Тыңда мені жүрекпен» атты жыр кеші өтті.
Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен шараға қатысушылар көп болды.
Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы болды. Жыр кешіне ақын «Сыр бойы» газетінің бас редакторының орынбасары Дүйсенбек Аяшұлы қатысып, Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар жыр кешіне кітапхана оқырмандары «Болашақ» университетінің, М.Мәметова атындағы гуманитарлық және Қызылорда құрылыс және бизнес колледждердің І курс студенттері белсенді қатысып, ақын өлеңдерін мәнерлеп тыңдаушы қауым жүрегіне жеткізе білді. 
Кеш соңында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Саягүл Есімқұлова қорытынды сөз сөйлеп, кешке қатысқан қонақтар мен оқырмандарға кітапхана атынан сыйлықтар ұсынды.
М.МЕРЕЙ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<