Мұқтар НИЯЗОВ, ақын, «Айтыстың ақтаңгері», екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері:
– Өткен жыл мен үшін табысты, қуанышы мол жыл болды.
Әкемнің алпыс жас мерейтойын жасап, ел-жұрттың ыстық ықыласын, ата-анамның ақ батасын алдым.
Абыз ақсақал, атақты жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің Алматыдағы 95 жылдық тойының шымылдығын арнау жырмен ашу маған бұйырды.
Орал қаласында тәуелсіздік құрметіне өткізілген айтыста 1-орын алып, «Айтыстың ақтаңгері» атандым. Облыс әкімі Қ.Ысқақов қабылдап, осы қуанышымды бөлісті. Белгілі меценат, руханият жанашыры Мұрат Сәрсенбаев ел атынан жеңіл автокөлік сыйлады.
Менің осындай жетістіктеріме жанкүйер болып жүрген барша жерлестеріме рахмет. Жаңа, тышқан жылы сырбойылықтардың әрбір отбасына жаңа бақыт, зор денсаулық, мол табысын ала келсін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<