Қаламгер Қаныбек Әбдуов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында шыққан туындысында Жаңақорған ауданындағы елді мекендер атауының шығу тарихы көнекөз қариялардың естеліктері мен тарихшылардың түйінін жер-су атауының этимологиялық астарымен сабақтастыра отырып, журналистік тұжырым жасайды.
Тұсаукесер салтанатына Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов қатысып, қаламгер Қаныбек Әбдуовтің еңбекқорлығы және автордың кітап жазу процесіндегі ізденістері жайлы айтып берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<