Жылдамдықтың сыры

345

0

 Ертеде дала кезген жолаушы жол үстінде келе жатып, қақпан құрып жүрген адамды кезіктіреді. Амандасып жөн сұрасқаннан кейін «Үйіме қонақ бол, осы жерден алыс емес, ертерек бара бер, мен қазір жетемін» деп өзі қалып қояды. Үйі «мың торғай қамаса, бір торғай тұрмайтындай» жұпыны, шұрық-тесік күйде екен.

Ішіне кірсе манағы қақпан құрып жүрген кісі үйде отыр. Өзінен бұрын келгеніне таң-тамаша болып, оның мәнісін ұға алмапты. Қақпан құрумен күнін көріп жүрген бұл адамның жылдамдығының сырын ақыры таппады. Осылай күндер жалғаса береді.

Сөйтіп жылдар өтіп, қақпаншы қайтыс болды. Ақтық сапарға шығарып салар шақта арқа тұсында торғайдың қанатындай тылсым белгілерді байқапты. Жылдамдықтың сыры сонда екен.

Мақсат ҚОСЫМБАЕВ,

ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<