Алдағы жылы тәуелсіздігімізге отыз жыл толады, яғни жаңа тарихи кезең басталғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің аса күрделі дағдарысты бастан өткізіп жатқаны баяндалды.
Жер жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күресте Қазақстан халқы шынайы патриотизм көрінісін байқатты. Бұл ретте Алаштың анасы атанған Сыр жұртшылығы бірлігінің арқасында індеттің беті қайта бастады. Дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының, қарапайым халықтың жұмған жұдырықтай топтасуы қиындықтан шығудың бірден-бір жолы болды. Бірлік, тұтастық қиын сәтте байқалды.
Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Неге десеңіз, ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін емес. Сондықтан болар жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтыны ашық айтылды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін баспана мәселесін шешудің түйінді мәселелері айқындалды.
Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді, табанды еңбекті талап етіп отыр. Бір қуанарлығы, ендігі жерде жекелеген азаматтардың жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін одан әрі жеделдету – жұрттың көптен күткен мәселесі.
Жолдаудағы білім беру, денсаулық сақтау саласын жаңаша дамыту елді мекендерді одан әрі көркейту мәселесінің жан-жақты айтылғанына сүйсінбей болмайды. Адамды, қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру баса айтылды. Ғылымды дамытудың айқын жолы баяндалды.
Жаңа жағдайдағы Қазақстанда нағыз іс-қимыл кезеңі басталғалы тұр. Оған әрбір азаматтың атсалысуы – басты парыз. Бұл ретте біздер, жол мамандары, алдыңғы шептен көрінуге тиіспіз.
А.ШОМАНОВ,
«Қызылорда жолдары» АҚ президенті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<