Ауыл әкімі болуға ынталылардың қатарында мұғалімдер көп

7036

0

Аймақ бойынша ауыл әкімдерін сайлауға қатысты Қызылорда облысында бүгінге дейін 41 кандидат өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Бүгінгі күнге өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 19-ның мемлекеттік қызмет заңнамасы мен қойылған біліктілік талаптарға сәйкестігі анықталды, қалғаны анықталу үстінде. Өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 2-і әйел болса (4,9%), қалған 39-ы (95,1%) ер адамдар.

Ұсынылған кандидаттардың орта жасы шамамен 40 жасты құрайды.

Ең жас кандидат 28 жаста (2 кандидат), ең үлкені 58 жаста (2 кандидат).

Кандидат болып ұсынылғандардың мамандықтар бөлінісі бойынша: мұғалімдер – 14 (34,2%), заңгер – 10 (24,5%), экономиқа-қаржы – 7 (17,1%), инженер-технолог – 3 (7,3%), ІТ-технология – 2 (4,9%), ветеринар – 1 (2,4%), жергілікті өзін-өзі басқару – 1 (2,4%), журналист – 1 (2,4%), саясаттанушы – 1 (2,4%), статист 1 (2,4%).

Ұсынылғандардың қызмет ету салалары бойынша бөлінісі: мемлекеттік қызметшілер – 20 (48,8%), бюджеттік ұйым өкілдері – 16 (39,0%), коммерциялық ұйым өкілдері 2 (4,9%), уақытша жұмыссыздар – 3 (7,3%).

Өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 13-і өздерінің партияға қатыстылығы туралы көрсеткен мәліметтерінде «NurOtan» партиясының мүшесіекендігін білдірген. Қалғандары партияға қытыстылығын көрсетпеген.

Қазіргі таңда ауылдық округ әкіміне кандидат болып өзін-өзі ұсынғандардың арасындағы  біліктілік талаптарға сәйкестігі анықталғандары өздерінің сенімді өкілдері арқылы тиісті сайлау округі сайлаушыларының қолдау қолдарын жинауға кірісіп кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<