ЕАЭО елдеріндегі өзара сауда көлемі 30% артты – Нұрсұлтан Назарбаев

512

0

ЕАЭО елдеріндегі өзара сауда көлемі 30% артты - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 процентке артқанын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алғашында мұны (ЕАЭО – ред.) Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы тығыз экономикалық байланыс ретінде жоспарлағанбыз. Украинаның да осы қатарында боларына үміттенгенбіз. Өкінішке қарай, күткеніміз болмады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы сауда өсіп келеді: өткен жылы, мәселен, шамамен 30 процентке өсті. Қазақстанда – 29 процент (ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемінің ұлғаюы – ред.), Ресеймен сауда көлеміндегі өсім – 30 проценттен асты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Бірінші арнадағы»«Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында.
Мемлекет басшысының айтуынша, ЕАЭО арқасында тауарлардың ортақ нарығы, капиталдың ортақ нарығы және еңбектің ортақ нарығы құрылды. «Негізгі сәттерге келер болсақ – энергетика мен мұнайдың ықпалдасуы: 2019 жылдан бастап – электр энергетикасының, ал 2025 жылдан бастап – мұнай мен газдың ортақ нарығы (ЕАЭО-да – ред.) құрылады. Жалпы мерзім осындай, бірақ шын мәнінде мұның барлығы қазірден бастап дамып келеді. Сол себепті, бұл жағдайда ықпалдастырылған бірлестіктерге деген қажеттіліктің туындап отырғаны – заңдылық», – деді Қазақстан Президенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<