Елге кірген ресейліктерден шығып жатқандары көп

1787

0

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне елге кіріп жатқан ресейліктерден шығып жатқандар көп екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нақты қанша адам елге кіргенін айта алмаймын. Біраз азаматтар келді. Қазір бұрынғы қалыпқа келдік. Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны шығып жатқандардан аз. Тәулігіне Ресейден 8000-9000 мың адам келеді, ал 10 000 – 11 000 адам шығып отыр. Осылайша, бұрынғы нормаға қайта ендік», – деді ол.

Сондай-ақ, министр кейінгі күндері Қазақстан аумағынан шығарылған ресейліктердің нақты санын білмейтінін айтты

«Депортацияланғандар бар. Бірақ оның нақты санын айта алмаймын. Бірақ бұл күнделікті жұмыс қой. Депортацияланғандардың бәрі бірдей Ресей азаматтары емес. Көші-қон заңнамасын бұзғандардың бәрі заң аясында, сот шешімімен ел аумағынан шығарылады», – деді Марат Ахметжанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<