Инвестициялық портфельде 130 жоба бар

64

0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады.

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы туралы баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Президентке 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құрағаны жөнінде мәлімет берілді. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан аса­тын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр отандық тауар өндірушілерді қол­дау ба­ғытында жүргізілген шаралар туралы ақпарат берілді. Кәсіп­кер­лер­мен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасал­ған. Оф­тейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен актив­терінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық эко­­номиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жоба­ларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<