Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Германия Федеративтік Республикасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Биылғы 18-20 шілде аралығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қамтылған 5 институционалдық реформаны іске асыру аясында құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын басқарған Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев Германия Федеративтік Республикасында сапармен барды.
Сапардың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу және даярлаудағы, сондай-ақ федералды және жер полициясының қызметі мен өзара ықпалдастығын ұйымдастырудағы әлемдік үздік тәжірибелердің бірден-бірімен танысу, қылмыстық жазалар жүйесін зерттеу. Сапар барысында Сыртқы істер министрлігінің және Федералдық ішкі істер министрлігінің, өңірлік полиция органдары мен және пенитенциарлық жүйенің, сондай-ақ полиция академиясының басшылығымен кездесулер өтті.
Өткен іс-шаралар нәтижелері құқық қорғау қызметінің тиімділігін және мәртебесін, қызметкерлердің жалақысын және әлеуметтік тұрғыдан қамтылуын жақсарту жөнінде атқарылып жатқан жұмыс барысында ескерілетін болады. Сапар барысында Н.Ермекбаев Бремендегі «Райнметал груп» әскери-өнеркәсіптік кәсіпорынға барып, жасалған өнімдердің үлгілерімен танысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<