Бұл туралы бүгін ҚР ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.
Министр күні кеше елдегі коронавирус індетінің таралуына қарсы кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес, карантинді қатаңдату шаралары жөнінде пікір білдірді.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал мен кәсіпкерлікке деген ықпалды ескере отырып, біз бірнеше нұсқаны ұсындық: карантин енгізу немесе қатаң шектеу шараларын енгізу. Оның бәрі қазір қаралып жатыр. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия жақын арада қабылдайды, – деді ол.
Алексей Цой бүгінде елімізде 23,6 мың адам тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатқанын айтты. Оның ішінде стационарларда 9,8 мың адам жатса, 13,8 адам амбулаторлық бақылауда.
Өздеріңіз білетіндей, республикалық маңызы бар 3 қалада модульді инфекциялық стационарлар салынған болатын. Сонымен қатар, 348 медициналық ұйымда 27 991 COVID-19 індеті бар науқастарды емдеуге арналған стационарлық төсек-орын жасақталған. Алайда, стационарлар жүктемесі күн санап артуда. Осыған байланысты барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейіне қарамастан, қосымша төсек-орындар қойылатын болады. Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қосымша төсек-орын жасақтау бойынша жоспар құрды. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізілуде, – деді ол.
Дереккөз: Baq.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<