Сооронбай Жээнбеков пен Никол Пашинян Қазақстан басшысымен әңгімеде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын сөз етті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен және Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.
Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының әңгімелесуі барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасы және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Никол Пашинян екі жақты ынтымақтастықты дамыту туралы және Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.
baribar.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<