«Жауынгер! Ұрыста Қошабай Дабыловты есіңе ал! Сол сияқты табанды бол! Қошабайдың бейнесі көз алдыңда болсын! Оның ғажап ерлігі рухтандырсын!..» (Қошабай Дабылов үшін кек алуға майдан газеттерінде жарияланған дивизия жауынгерлерінің үндеуінен).
Наурыз айының соңғы күндерінің бірі-тұғын. Көктем келсе де, күн әлі салқын. Телефон соғылды.
– Мен Зияғаладин ініңмін ғой, – деді есен-саулықтан кейін.
– Е-е, аманшылық па, шаруа жайың қалай? – дедім оның Одақ тарағаннан бері кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қабырғалы азаматтарымыздың бірі ретінде бұрыннан білетіндіктен.
– О жағы жақсы, қыстан қысылмай шықтық. Ал бүгінгі айтайын дегенім – ақбастылық жауынгер Қошабай Дабыловтың атына қаладан көше берілетін еді, соған құрметті қонақ ретінде шақырамыз. Әрі сіз ол батыр жігіт жайлы ілгеріректе жазғансыз…
***
Жазғансыз дейді? Мүмкін, мүмкін… Дұрыс, дұрыс. Орталық «Правда» газетінде бір хабар шыққаны есімде. Е-е, архивте бар екен. Қысқа ғана былай делінген: «…Қошабай түн ішінде шептің алдыңғы жағында траншеяны тереңдетіп қазып жатты. Бойын жазып, тағы бір күрек топырақты жоғары тастай берген кезде қарауытқан көлеңкелердің траншеяға төніп келгенін байқады. Қошабай винтовкасын алуға үлгермеді. Оған бір топ финдер жабыла кетті. Қошабай қолындағы күрекпен айқаса түсті…» («Правда», 11 маусым, 1943 жыл).
Бұл газет менің қолыма 1979 жылдың жаз айында түскен-ді. Не тұрыс болсын?! Аудан орталығынан 200 шақырымдай шалғайдағы «Ақбасты» ауылына ұшақпен жеттім. Қошабайдың анасы Иық апайдың 80 жасқа таяп қалған кезі. Кенже қызы Ханзаданың қолында екен.
– Шырағым-ай, – деді көзіне жас алып, – мейір қандырта иіскейтін ұрпағы да қалмады-ау! Мерт болды дегенге сенбедім. Ол келмей қоятындай Үкімет тағайындаған 27 сом жәрдемақыны да алмадым. Соғысы құрысын, не дейін енді…
Қошабаймен 10-атқыштар дивизиясының 98-атқыштар полкінде бірге болған Ыбырайым Төлеубаев:
– Бұл Ленинград блокадасының 548-түні еді, – деді – яғни, 1943 жылдың 16 наурызында ертеңгілік жауынгердің денесін полктің алдынан алып өтіп:
– Мына ержүрек солдатты танитындарың бар ма? – деді командир айқайлап.
– Танимыз, ол – қазақ жауынгері Қошабай Дабылов, – дедік білетіндер бар дауыспен. Оның құрметіне автоматтан дүркін-дүркін оқ атылып, салют берілді.
Қошабайдың жасы сол кезде 32-де десті. Соғысқа дейін қыс айында Арал қаласына түйе шанамен керуен тартса, жазда теңіз тереңінен балық аулап шыныққан, алапат күш иесі болғанын, мың метрлік жылымның 7-8 адам тартатын бір қанатын Қошабайдың бір өзі-ақ қиналмай жағаға шығаратынын солардан естідім.
Батыр жерлесіміз туралы мақала 1979 жылдың жазында облыстық «Ленин жолы» басылымында (бүгінгі «Сыр бойы») жарияланды.
***
– Хо-ш, деңіз! Содан кейін, яғни қырық жылдай уақыт өткесін, 2017 жылдың сәуір айының басында, сол «Ақбастыдан» Жарылқасын Кенжебаев есімді азамат хабарласып, ержүрек жауынгер жайлы очеркті қайта жазуымды өтінді. Жеңістің 70 жылдығына орай Ресей сайттарынан соғыс жайлы дәлме-дәл ақпараттар Қазақстанға да келе бастады. «Халық ерлігі» сайтында Қошабай Дабыловтың Карель майданында соғысқа кіргені және 1943 жылдың 16 наурызында ерлікпен қаза тапқаны, оның «Қызыл Ту» орденіне ұсынылғаны жайлы мәлімет келтіріліпті. Соның орыс тіліндегі нұсқасын толық беруді жөн көрдім.
«Тов. Дабылов за период прибывания в полку с июня 1942 года проявил себя как дисциплинированный и испольнительный боец. Он всегда в любых условиях выполнял точно и честно приказы командиров. Хорошо знал и нес службу наблюдая за передним краем. В ночь на 16 марта 1943 года группа финов незаметно подошла к боевому охранению 3-стрелковой роты и ворвался в траншею. Вдруг он почуствовал боль в ногах. Белофинский автоматчик ранил бойца в обе ноги. Враги тесным кольцом окружили бойца Дабылова. Они были вооружены до зубов. А он не успел даже схватить винтовку. Но Дабылов не считал себя безоруженным. Дабылов крепче сжал в руках лопату и стал наносить ею смертельные удары по наседающим лахтарям. Белофинам удалось вырвать из рук бойца лопату. Дабылов их кулаками бил и душил мощными руками. Изрезанный кинжалами лахтарей, истекая кровью Дабылов продолжил бороться. Враг старался живым взять Дабылова, но получил мощный отпор. Тогда лахтарь с яростной злобой ударом ножа в сердце вывел из строя отважного воина-героя.
Дабылов был скромным воином, он на деле доказал свою любовь к Родине и беспредельную ненависть к заклятым врагам. Дабылов был верным сыном Советского народа.
Ходатайствую о награждении тов. Дабылова орденом «Красное знамя».
Командир 98 стр.полка, майор Назаров. 23 марта, 1943 года».
***
Көрдіңіз бе, құрметті оқырман! Ақбастылық өрен «Өлермін, бірақ тірілей жауға берілмеймін!» деді. Солай болды. Жан берсе де, азаматтық арын, Отанға деген антын сақтап қалды. Оның денесі Ленинград облысының «Северное-Сержантское» көлінің жағасынан жай тапты.
Осы дерек негізінде облысқа танымал ұстаз «Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Балтабай Көшейұлы Қошабай Дабыловтың ерлігі жайлы жан-жақты зерттеу жүргізген екен.
Сөйтіп ол 23-Армияның 1943 жылдың 25 наурызындағы бұйрығын табады. Ол бұйрықта «От имени Президиума Верховного Совета Союза ССР за образцовое выполнение боевых заданий командования на фронте борьба с немецкими захватчиками и проявленние при этом доблесть и мужество награждаю орденом «Красного знамени» Дабылова Кошубая, красноармейца 98 стрелкового полка, 10 стрелковой дивизии» делінген. «Командующий 23-Армией, генерал-майор Черепанов Член военного совета генерал-майор Курочкин, Начальник штаба 23-Армии генерал-майор Самсонов және полковник Ханжин қол қойған.
Сондай-ақ Қ.Дабыловтың «Ленинградты қорғағаны үшін» медалына да ие болғаны айтылған.
Ал енді 1943 жылдың 13 сәуіріндегі «Вечерняя Москва» газетінде жарияланған ТАСС агенттігінің «Смерть героя» деген хабарына құлақ түріңіз: «Ленинградский фронт. (спец. корр. ТАСС) Каждый раз при перекличке командир выкликает имя Кошубая Дабылова. И каждый раз правофланговый боец отвечает: «Погиб в боях за Родину!», Красноармеец-казах Кошубай Дабылов совершил подвиг, за который военный совет армии посмертно наградил его орденом «Красного знамени» и оставил его имя навечно в списках роты.
Боец К.Дабылов в ряды защитников города Ленина из Аральского района, Кызылординской области, Казахской ССР. Находясь в боевом охранении, он неожиданно оказался лицом к лицу с врагом. Дабылов не успел схватить винтовку, так как в этот момент расчищал лопатой траншею. Его окружили группа финнов. Один из них выпустил очередь из автомата и ранил бойца. Но и раненный, истекающий кровью Кошубай Дабылов все же нашел в себе силы, чтобы выступить с врагами в неравный бой. Он пустил в ход лопату и убил несколько вражеских солдат.
Разъяренным финнам удалось вырвать лопату из рук Дабылова. Советский воин продолжал отбиваться кулаками. Только удар ножа на сердце вывел из строя бойца. Подоспевшая группа красноармейцев быстро отбросили врага. В траншее лежало тело Кошубая Дабылова. На его руках остались следы глубоких ножевых ран. Рядом валялись несколько убитых финнов».
«Правда» газетінің әскери тілшісі Д.Рудневтің 1943 жылдың маусымында Ленинград майданынан жазған «Туысқандар» очеркінде: «Қошабайдың винтовкасын алуға үлгертпей бір топ фин оған жабылды. Қошабай күрекпен шайқасты. Қараңғыда күрек семсердей жарқылдады. Үш фашист бастары қақ айырылып омақасты. Дәл осы тұста оған автоматтан оқ тиді. Ол құлады. Десе де әлі күші бар-ды. Ол жауды қылғындырды, тістеді. «Өлермін, бірақ тірілей қолға түспеймін!» деді. Жүрегіне қанжар қадалды. Бірақ ол ұрыс алаңына жүгіріп келе жатқан жолдастарының дүрсілін есітті. Жаудың шабуылы тойтарылды. Қошабайдың орыс достары Никифоров, Горин, Текуров оның кегін алды. Қошабай ленинградтық болып тізімге енді» дейді.
Орыс жазушысы Николай Тихонов «Біз ленинградтықтармыз» мақаласында: «Қазақ халқының ұлдары соғыста асқан ерлік көрсетіп жүр. Мәселен, Қошабай Дабылов жау қоршауында жалғыз қалса да, өмірінің соңына дейін берілмей қаза тапты. «Қызыл Ту» орденімен марапатталып, полктің тізіміне мәңгілік жазылып қалды» десе, және бір белгілі орыс ғалымы С.И.Семакин соғыс жылдарында солтүстік-батыс майданында қазақ тілінде шығып тұрған «Отан үшін» газетінде: «Орыстар Қошабай Дабылов үшін кек алуда. (Руские мстят за Кошубая Дабылова) деп ұрандатты».
Сондай-ақ «Отанды қорғауда» басылымында (30 шілде 1943 жыл) Түймебай Әшімбаевтың «Батырлар дәстүрі» мен соғыс ардагерлері Есқұл Өмірханов пен Бисен Жұмағалиевтің естелігінен де, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Ғ.Ысмағұлованың «Қазақ жауынгерінің өшпес өнегесі» зерттеулерінен де Қошабай Дабыловтың қарусыз қалса да, фашистермен жұдырықтасып, қазақ ұлының арлы, намысты, сертке, уәдеге беріктігін баян етеді.
***
Сіз, осы жолдарды оқып шығып, «қатардағы жауынгер Қошабай жайлы одақтың Бас басылымы «Правдаға» дейін неге шулады? Қазақ ұлтын мұнша жан сала дәріптемеуші еді ғой» деп ойланып қалуыңыз мүмкін-ау! Себебі, сол кезде бұндай қырандар өзге сарбаздарға үлгі ету үшін, үгіт-насихат үшін ауадай қажет еді. Сол қасиет біздің Қошабай ардақтымыздың бойынан табыла кетті.
Сосын да майдан газеттері арқылы мынандай Үндеу жарияланды: «Жауынгерлер! Ұрыста Қошабай Дабыловты есіңе ал! Сол сияқты табанды бол! Қошабайдың бейнесі көз алдыңда болсын! Оның ғажап ерлігі рухтандырсын!
Міне, осы құдыретті сөз майдан даласын нешеме айлар бойы шарлап жүрді…
***
Жерлес-туыс ағасына уақытын бөліп, жан-жаққа хабар салып зерттеген ұстаз Балтабай Көшейұлына рахметімді жаудырып, Қошабай Дабыловтың атына көше берілетін қаланың мөлтек ауданына жол тарттым…
Алыс-жақыннан біліс-туыстары жиналыпты. Сөз де сөйленді. Аудан мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен қаулысы да оқылды. Ескерткіш тақта да қойылған. Белгілі кәсіпкер Ақыл мен Зияғаладиннің демеуімен шағын ас беріліп, құран-қатым да жасалды. Осылайша жауынгерге құрмет көрсетілді.
Шәкірат ДӘРМАҒАМБЕТҰЛЫ,
дербес зейнеткер.
Арал қаласы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<