Өткен жылдың қазан айында Қазалы қаласын газдандыру жұмысы кезінде болған оқыс оқиғадан Жәнібек Жұбанғанов бауырымыз көз жұмған еді. Өз ісінің маманы қауіпті сәтте шұғыл шешім қабылдап, бір отбасын аман алып қалды. Батырдың сол бір ісі ерлікке теңестірілді. «Ерлік іс ескерусіз қалмайды» демекші, Қазалы қаласы халқы атынан жолданған сұрау салу хатымыз нәтижелі болды.
Араға уақыт салып, бейбіт күннің батыры бағаланды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадіров, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, подполковник Алтынбек Қалиев марқұм Жәнібек бауырымыздың отбасында болды. Ата-анасы Жарқынбай мен Света Жұбанғановтарға Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпхановтың атынан «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін табыс етті.
Осы бір игі шараға атсалысып, қызмет көрсеткен азаматтарға қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымы атынан ризашылық білдіреміз.
Қазыбай Саниязов,
Өмірбек Күлімбетов,
«Өнегелі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<