ЖАУЫНГЕР, ЗАҢГЕР, ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕР ЕДІ

818

0

Мақаланың атын осылай айтуды жөн көрдім. Адамзат баласын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарған, Отан үшін отқа түсіп, халқының азаттығы мен бостандығы үшін құрбан болған милиондаған көп ұлтты Кеңес жауынгерлерінің қанымен, жанымен келген Ұлы Жеңістің ақ таңы атқан 9 мамыр Жеңіс күні жақындаған сайын, опат болған, жарым жан болып елге оралған әкелеріміз бен ағаларымыздың батыр тұлғалары мен бет бейнесі еріксіз есіңе түседі. Бүгінгі соғыс балалары деп аталып жүрген біздер соғыс жетімдері мен жесірлерінің балалары, жетпістің желкесіне еніп, ақсақалды сары тісті болсақта сонау балалық шағымыз есіміге қайта оралып әкелеріміздің Жеңіс күні майданнан келе жатқандай болып елестейді.

Өткенге Салауат, қалғанға береке десекте, бүгінгі егемендігіміздің негізін қалауда, оны жаудан қорғаудағы батыр әкелерімізбен ағаларымыздың соғыстағы ерлік жолдарын жазу білген адамға оңай шаруа емес. Кеуілің құлазиды, көкірегіңді қайғы қасірет басады. Жүректегі ескі жараның аузы ашылғандай болады. Олардың бейнесі көз алдыңда өтіп жатады. Сондай бейнесі мен тұлғасы саналы ғұмырындағы жарқын істері халқының көз алдымен есінде қалған соғыста төрт рет жараланып, соңғы рет контузия алып ауыр жараланып, госпитальде өлді деп отбасына «қара қағаз» келіп, қайғы қасіретке ұшыратып қайта тіріліп, майдан жолын жалғастырған жауынгер Асан Қоразбаев аға еді. Тағдыры қилы-қилы оқиғаларға толы Асан Қоразбаев 1922 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы «Ақсу» ауылында ескіше сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу Құлмағанбет молданың отбасында дүниеге келген.Үлкен атасы Қоразбай да өз заманының мешіт-мектеп ұстаған (Қаракеткеннің 40-50 шақырым жерде 19-ғасырдың аяғында салынған Қоразбай атымен аталған жартылай бұзылған мешіт-мектеп әлі бар) өте сауатты молдасы болған. Әкесі оның ескіше сауатын ашып, баласына заман талабына сай білім беру мақсатында сол кездегі іргелі оқу орны қаладағы 1- май мектебіне оқуға береді.

Оның оқу орнын бітіру күні, екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуы мен тура келеді.

Әскер жасына толмаған Асан қаладағы мұғалімдер даярлайтын курсқа оқуға түседі. Оқуын аяқтамай жиырма жасында 1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанады. «152 атқыштар бригадасының қатарында соғыс жағдайында әскери дайындықтан өтіп, Сталинградты жаудан азат етудегі қанды шайқастарға қатысады. Бұл кездері қала түгел қираған, әр көше, әр үй үшіін Жан беріп – жан алысқан шайқастар жүріп жатқан кезі болатын. Орыс тілін жетік білетін, арнаулы орта білімі бар, жүрегі патротизмнен отанына деген сүйіспеншілікке толы жас жауынгер Асан ерлікпен бостандықтың үлгісін көрсетіп, ортасында үлкен беделмен абыройға ие бола бастайды. Осындай қадір – қасиетінің арқасында ол командирлерінің құрметіне бөленіп, тілмаштік қызметтіде атқарып, іс қағаздарын соған жаздыратын болған. Сталинград үшін болған шайқас Ұлы Отан соғысының тарихында ұлы жеңіске бет бұрыс жасаған шайқас болды. Осынысымен тарихта қалды. Сталинградты жаудан азат етудегі, Қызыл Армияның жауынгерлерінің 30 пайызы қазақстандықтар болды. Сол кездегі майдан газеттері     «Еділ бойындағы қаланы азат етудегі қала көшелеріндегі шайқастарда қазақтары көп бөлімдер ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Сталинградтың бір көшесі «Қазақ көшесі» аталды деп жазған еді. Осындай қиян-кескі, жан беріп-жан алысып жүрген шайқастардың бел ортасында Гвардия аға сержанты минометшілер бөлімшесінің командирі Асан Коразбаевта жүрген еді. Шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. «Халкута елді мекені жанындағы ауыр шайқаста Асан аға қатты жараланып госпитальге түседі. Жарақатының ауырлығы сондай бірнеше күн ессіз-түссіз жатады. Одан күдерлерін үзген командирлері Асан ағамыздың отбасына:

«Құрметті Қоразбаевтың отбасы!

Сіздерге №152 атқыштар бригадасының атқыштар взвод командирінің орынбасары гвардия аға сержанты жауынгер «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Асан Қоразбаевтың Халкутта түбінде қаза тапқандығын қатты қайғырып хабарлаймыз. Денесі бауырластар зиратына жерленді. Болған іске берік болыңыздар… деген хабар келді.Бұл сол кездегі милиондаған отбасына қайғы қасірет әкелетін «қара қағаздың» хабары Асан ағаның анасы Рабиға жалғыз баланың қайғысын көтере алмай қайғыдан көп ұзамай өмірден өтеді. Имандылық пен Алланы ауызынан тастамайтын бар өмірін соның жолына арнаған әкесінің жүрегі үміт пен сезгендей, сенім-ең соңынан өледі» – дегендей баласын күтумен болады. Арада біраз уақыт өткенде баласы Асаннан тірі екендігі жәйлі хат алады. Қарт әкесінің жүрегі жадырап келешекке деген үміт отын тұтатқандай болады. Сонымен өліп, қайта тірілген жас жауынгер №89 гвардиялық атқыштар полкінің құрамында жарық жолын жалғастыра береді. 3-ші Украйна майданының құрамында Днепр, Никополь, Кривойрог операцияларында минометлетшілер бөлімшесінің командирі ретінде жаудың бекінісін көздеп жоюда ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетумен болған. Осындай ерліктері болғанын Ұлы Отан Соғысының III дәрежелі орденімен, бес жауынгерлік медальдарымен марапатталған. Бірнеше рет жараланып контузия алсада, жауынгерлік саптан шықпай жеңісті майдан даласында қарсы алып 1946 жылдың аяғында елге оралады. Асекеңнің туған жиені, кезінде 19 жыл Қазақ ССР ішкі істер министрінің орынбасары болған милиция генерал-майоры Алмағанбетов Нұрылла еді, екеуі тай-құлындай бірге өсіп, бірге соғысқа аттанып, тағдырдың жазуымен аман қауышты. Бұл кездері соғыстың күйзеліп шаңқай елдің тұрмыс тіршілігі, Хал –ахуалы ауыр болатын. Сауатты, соғыстың ыстық-суығын басынан өткізіп келген жас майдангер бейбіт еңбекке белсене араласады. Оны сол кездегі аудан басшылары өзінің туып өскен Ақсу ауылдың кеңесіне хатшы, кейіннен төрағасы қызметіне жібереді. Бұл қызметкерді әрдайым абыроймен атқарып жүрген Асан аға білімін жетілдіруді мақсат етеді. Сол кездегі аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасы С.Егізбаевтың берген мінездемесін алып 1951 жылы Қазақ ССР-нің Әділет Министірінің заң мектебіне оқуға түседі. Оны бітіргеннен кейін 1953 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік Университетінің Заң факултетіне түсіп, оны 1957 жылы бітіріп шығады. Алғашқыда Қармақшы аудандық Сотының судясы, одан кейін төрағасы, облыстық адвокаттар алқасында қызметтер атқарады. 1988 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша Қызылорда облыстық кәсіподақтар одағында 30 жылдан астам Заң консултациясының меңгерушісі қызметін атқарған. Ол оны осы қызметте салқын қанды, таза жүректі, «қара қылды қақ жарған», «Әділ сауатты», өмір мектебінен өткен заңгер маман екендігін көрсете білген. Асанға оның тікелей қызмет бабына байланысты облыстың бұрыңғы «Ленин жолы», қазіргі «Сыр бойы», бұрынғы «Путь Ленина» қазіргі «Кызылординский вести» газеттерінде 30 жыл бойы «Заң консултациясы», «Сұраққа жауапта береміз», «Вы спрашивали мы отвечаем», «Юридические консултации» айдарымен шығатын газет беттерінде оқырман сұрақтарына жауап беріп және ұзақ жылдар осы газеттердің штаттан тыс тілшісі болған. Облыстың құзырлы орындарынан шешілмеген және шешуі киан соққан көптеген еңбек қатынастарынан туындаған даулы мәселелерді шешуде атсалысқаны үшін облыстың қарапайым тұрғындарынан алған көптеген алғыстары кезінде газет беттерінде жарияланып тұрған. Екі тілде еркін меңгерген сауатты заңгер ағаны әріптестері Асан Қоразбаев «Ходящая энциклопедия» – деп атап кеткен.

Еңбек заңдылықтары даулар жөніндегі мақалалары бүкіл одақтың «Человек и Закон» журнал-дарымен «Труд» газеттерінде жарияланып тұрған. 18 жыл қатарынан Қызылорда облыстық халық сотының қылмыстық істері алқасының Халық заседателі     болып ауыр және аса ауыр қылмыстық істерді қарауға қатысты. Судяларға өз кеңестерін беруге көмектескен. Бейбіт күндердегі Асан ағаның еңбегі бағаланып Қазақ ССР-нің Кәсіподақтары одағы төрағасының, бүкілодақтық «Правда» газетінің бас редакторының, Қызылорда облыстық партия комитетінің, облыстық атқару комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1988 жылы бұл пәни дүниеден өткен. Оның немере інісі 10 жыл көлемінде Сенат Парламентінің депутаты, Ақтөбенің бірнеше аудандарының, қаласының, облыстық соттарының төрағасы болған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Парламент аралық Ассамблеясының, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің, Конституциялық заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің, «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес республикалық Қоғамдық Кеңес, РФ Федерация Кеңесінің федеральдық жиналысының, Бельгия Корольдігі Парламентінің, Румыния Сенатының, Сауд Аравия Әмірлігінің Шура Мәжілісімен ҚР-ның ынтымақтастық Комиссия мүшесі болған, ҚР-ның «Құрмет», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Парламент аралық Ассамблеясының «Достастық» ордендерімен, 5 медальдермен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, Ақтөбе облысының, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының құрметті азаматы Иран Әміров те ағасына еліктеп, Асекеңнің ақ жолымен жүріп, бұл дүниеден өтті.

Асан ағаның баласы Хұсайын, әкеміздің жәй халықтың мұң- мұқтажын, еңбек дауларын әділ шешкендігі үшін алған алғыстары біздер үшін бәрінен де қымбат. Солардың арқасында көктеп-көгеріп отырмыз. Атамыз қазақ айтқандай «Алтын алма-Алғыс ал» дегені өмірдің шындығы екен дейді інім. Атадан ұл тумайма, ата жолын қумайма? Дегендей Асан ағаның ұлы Хұсайын жоғары заңгер білімін алып, ұзақ жылдар облыстың ішкі істер саласында жауапты қызметтер атқарған, қазір облыстық ішкі істер департаментінде Заң бөлімінің басшысы, отставкадағы полковник. Немересі Қоразбаев Ардақ Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Заң институтының «ерекше дипломмен» аяқтаған түлегі, қазір Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының аға тергеушісі, полиция капитаны. Бұлар аталарының салған жолымен келе жатқан өмірдің сабақтылығы деуге болады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<