«Әр отбасынан бір ағаш»: Қазақстанда жаңа челлендж өткізу ұсынылды

1664

0

Көктем келгенде ағаш көшеттерін отырғызу науқаны басталатыны аян. Осы орайда еліміздің мәдениет және спорт министрлігі көгалдандыру жұмысына бүкіл ел болып жұмылуды ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі. Бұл әлеуетті ауқымды экологиялық акциялар мен жалпы өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу үшін пайдалану қажет. Осы күні бүкіл ел бойынша жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы басталады», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ел бойынша ағаш отырғызу әр өңірдегі ауа райына байланысты жүреді.

«Сонымен бір мезгілде бүкіл ел бойынша әлеуметтік желілерде «Әр отбасынан бір ағаш» челленджін өткізу ұсынылады. Ағаш отырғызу ауа райының жағдайына қарай жүргізіледі. Яғни олайлы жылы күндер кейінірек келетін аймақтарда акцияны да кейінірек ұйымдастыруға жол беріледі», – дейді ол.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<