Ардақты жан мәңгі жадымызда

537

0

Ардақты жан мәңгі жадымызда Тойымбетов Омар 1921 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Жаңа­қорған ауданы (бұрынғы Жаңа­құрылыс) Құттықожа ауылында дүниеге келген. 5 жасында әкесі­нен айырылып, анасы Қал­ды­ғыздың тәрбиесінде болған.  Жас­тайынан еңбекке араласқан ол 1940 жылдың 10 қаңтарынан Жа­ңақорған аудандық кітапхана меңгерушісі, клуб меңгерушісі қыз­метін атқарған. Өзінің зеректігі арқасында елдегі сауатсыздықты жою жұмысына белсене араласып, мұғалім болған.

1940 жылы Мәскеуде өткен физ­культурашылар парадына қа­тысқан. Ел басына төнген қатер­ден Отанын қорғау үшін Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың 6 қаң­та­рында аттанады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Украина майданында артиллерист бол­ған. Польша территориясын не­міс бас­қын­шыларынан азат ету кезінде партизандар отрядында бол­­ған­дығы жөнінде генерал-майор А.А.Петров «Всегда на чеку» кіта­бы­ның 162-бетінде «В польских партизанс­ких отрядах сражались Айдархан Ержанов ныне декан факультета механизаций Казахского сельскохозяйственного ­института и Омар Тойымбетов учитель Чилийского района Кызылординс­кой области», – деп жазған. (Сол уақытта Жаңақорған Шиелі ауданы құрамында болған).  

«Атамұра» баспасынан 2009 жылы шыққан «Қазақстан тарихы» оқулығының 172-бетінде Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандық пар­тизандардың ерліктері жайлы айта келіп, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынан Омар Тойым­бетовтің де сол партизандар қатарында болғандығы аталған.

1942-1946 жылдарда Ұлы Отан соғысына қатысып, жауынгерлік борышын атқарған. Ұлы Отан соғысында Отан қорғауда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден, медальмен марапатталған.

Соғыстан 1946 жылдың 10 ақ­па­нында оралыпты. Елге орал­ған­­нан кейін ұстаздық қыз­метт­і жал­ғастырды. Қара­пайым мұға­лім­діктен, мектеп дирек­торының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Қаншама жас­ты тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өмірге басқан әр қадамын нығайтып, ұстаздық, әкелік қамқорлығын көрсете білді. Оқу ағарту саласында үздіксіз 54 жыл бойы қызмет еткен ардақты ұстаздан ұлағат көрген мыңдаған шәкірті өмірдің сан саласында жұмыс жасауда. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Мен – атамның немере келінімін. Атамның көзін көрмесем де ол кісі жайлы ел аузынан, жөн сұрасқан кісілерден ақкөңіл, қонақжай, көпшіл, алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын еңбекқор, өжет кісі екенін естимін. «Жақсы кісі еді» деп жақсылықтарын еске алып, алғыстарын білдіріп жатады. Ол мен үшін үлкен мәртебе.

Отбасында жары Әпикүл ана екеуі 1 қыз, 4 ұл тәрбиелеп, өнегелі отбасы атанды. Олардың барлығы жоғары білім алған. Ата жолын қуып ұстаздықты таңдаған ұлы, келіндері де бар. Осы балаларынан  22  немере, 18 шөбере сүйіп  бақытты ата, әже  атанып өтті.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз бар, ардақты атамыздың   жарқын бейнесі жүре­гімізден мәңгі өшпейді.

 

Мөлдір ИРШАТОВА,

 Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы

№164 жалпы орта 

мектеп  мұғалімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<