Ел аузында «Тау алыстаған сайын биіктей береді» деген бейнелі сөз бар. Қаншалықты шындыққа сыйысатындығын қайдам?! Тау етегінде тұрып, төбеңнен төніп тұрған кезінен алыстағанда үлкен көріне қоймас. Бірақ тау тұлғалы жақсыларымыздың қадір-қасиетін көз алдымызда, жанымызда жүргенде біле бермейтініміз рас, тек қасымызда жоқ кезінде ғана сезіне бастаймыз.
«Ісім – ізім» деп Әйтеке би айтқандай, саналы ғұмырында өз ісімен, адами қадір-қасиетімен ұмытылмайтын із қалдырған сондай жақсыларымыздың бірі, өткен жылы ғана ғасыр жасап өмірден өткен Бөрібай ағамыз еді.
100 жасқа екінің бірі емес, он мыңдаған адамның бірі ғана келеді. Ол – Алланың ерекше сүйген жанына ғана төрелеп беретін сыбағасы, басқалардан бөлектеу, ерекшелеу сыйы.
Бөрібай Құлманұлы ағамыз замандастары, тағдырластары сияқты балалық шағында тойып тамақ ішіп, бүтін киім киіп, балалықтың бал дәуренін сүре алмаған. Шаруа адамына жаудай тиген кәмеске зобалаңын, қазақты әлемнің 40 еліне тарыдай шашыратқан қуғын-сүргінді, қазақтың жартысын қырған қолдан жасалған ашаршылықты, зиялылар тамырына балта шапқан репрессияны, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ғаламат-зұлмат соғысты, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің барлық қиыншылықтарын, қияметін қасіретін көріп өскен ұрпақтың өкілі. Замандастарын, Бөрібай ағаны осыншама адам төзгісіз қиындықтар, ХХ ғасырдың соншалықты қанды, қайғылы қасіретті оқиғалары езе, майыстыра, сындыра алмады. Қайта шыңдай, шынықтыра, қайрай түсті. Қажырлы, қайратты, төзімді, шыдамды, жоқтан бар жасайтын жасампаз қайраткер етіп қалыптастырды.
Бөрібай аға – бүкіл саналы, мағыналы, мақсатты ғұмырында өз бақытын адал еңбектен, бейнеттен, табан ет, маңдай терімен тапқан ардақтыларымыздың бірі. Аға жасы ұлғайған шағында өңіріміздің төрінде, халқымыздың ортасында мәнді-мағыналы, әдемі, жарасымды ақсақалдық, батагөйлік, тілеуқорлық көшті бастап келді. Облыс жұртшылығына қалай қартаюдың, елге аға, жаға, пана ақсақал болудың тамаша үлгісін көрсетті. Бұл да бір адам өміріндегі ең жауапты, ең шешуші, қорытынды сын мен сынақтың бірегейі ғой. Бөрібай аға бұл сыннан да сүрінбей, мүдірмей өтті.
«Жүгіріп шығар төбе көп, асу бермес шың қиын, қартайған шал елде көп, ақсақал болу тым қиын» дегендей ақсақал бола білді. «Сүйекке барар нәрді жұлын арқылы, етке барар нәрді тамыр арқылы дарытқан құдіретті күшті табиғат, жүрекке барар нәрді ауа да емес, су да емес көңіл арқылы дарытқан» дегендей, аға екеуміздің бір-бірімізге деген көңіліміз жақын еді.
«Көңіл көңілден су ішеді» дейді ғой даналыларымыз. Осыдан 3 жыл бұрын көзіне ота жасатып, облыстық медициналық орталығында емделіп жатқан Бөрібай ағамыздың жағдайын біліп, тілектестігімізді білдіруге бардық. Ол кісі біздің келгенімізді көріп дереу орнынан тұрып, орындықтарға жайғастырып, үстіндегі киімін тәртіпке келтіріп, төсегінің шетіне жайғасып барып жағдай сұрасты. Ағаның қасында біраз болып, енді қош айтысып қайтуға ынғайланғанымызда орнынан тұрып, біздің «шығарып салмай-ақ қойыңыз» деген өтінішімізге қарамастан, орталықтың екінші қабатынан сыртқа шығатын баспалдаққа дейін келіп, ризашылығын білдіріп, батасын берді.
«Ойпырмай, жасы ұлғайған адам бізді сол жатқан қалпында да қабылдап, сол жерден қоштасса да болар еді ғой» деген ойға келдік. Сөздің реті келгесін айта кетейін, осының алдында 7-8 ай бұрын ағайындардың атқарылатын іс-шарасына шақырушы ретінде үйіне бардым. Үйде жалғыз өзі жеңіл киімдерімен жүр екен. Мені үйге кіргізіп қонақ қабылдайтын бөлмеге жайғастырды да, өз бөлмесіне барып киімдерін толық ауыстырып, мұнтаздай болып киініп келіп, қасыма жайғасып барып жағдай сұрасты. Іштей «жаңағы үйде жүрген киімімен жүре берсе де болар еді ғой» деп ойлағаныммен, ағаның отының басына келген қонаққа деген құрметін және адами мәдениетінің биіктігіне тәнті болдым. Адамдық қалпын, табиғи болмысын, қазақи кеңпейілдігін сезініп бір көтеріліп қалдым. Сірә, «Асыл адам айнымас» деген сөз осындай кісілерге айтылған болар деп ой түйдім.
Осы орайда Сырдариялық ақын ағамыз Сейітмұрат Ембергеновтың:
– Кім келсе де үйіңе, көсіліп
жатпағайсың,
Қазақтың кісі сыйлау, дәстүрін
сақтағайсың,
Қонақ келсе ұшып тұр, ол сенің
адамдығың,
Ойланбасаң осыны, көргенің
аз, қараңдығың, –
деген өлеңі ойға оралды.
Ұлттық сипат, қадір-қасиеттеріміз осы уақытқа дейін өлмей, өшпей жасампаздық танытып келе жатса, ол осы Бөрібай аға сияқты сирек саңлақтарымыздың, толағай тұлғаларымыздың арқасы-ау деп ойладым. Аға даланың даналығын, қазақтың даралығын бойына терең сіңірген отты да, суды да, оқты да көрген данагөй ақыл мен парасаттың ашық сабағындай еді. Баяғыда Ақан сері дүние салып, қабірге түсіріп жатқанда бір кісі: «Мың кісілік Ақан ағам-ай, бір кісінің өлімімен кетіп бара жатқаның» деп жылаған екен. Сол айтқандай, Бөрібай аға да қазақтың бағына туған мың кісілік адам еді ғой.
Әріп ХОЖБАНОВ,

Сырдария ауданының
құрметті азаматы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<