• Егер жақсы өмір сүргің келсе, жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адамды тапқың келсе, жақсы сөйлеп, адамдарға жақсылық жасап жүр.
• Жақсылықты жақсы адам ғана бағалап, қадірлей біледі.
• Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы мен мақсаты жоқ адам ғана – кедей.
• Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес, мейірімділік пен қайырымдылық.
• Адам қызғаныштан тез қартаяды, реніштен ауру пайда болады.
• Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос, ашушаң адам жүдегіш келеді.
• Әр қиындықта жеңілдіктер, әр көз жасында қуаныш, әр сабырлықта абырой бар.
• Адам басына бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын ғана біледі.
• Бақыт – жарыңыздың адалдығы, бала-шағаның амандығы, отбасының татулығы.
• Өзгенін қателігін сынаған адам, өзінікін байқамайды.
• Ақылды адам біреудің кем-кетігін түзеп жүреді, ақымақ біреудікін жіпке тізіп жүреді.
• Сараң адам алғанына, жомарт адам бергеніне қуанады.
• Сөйлей беретіндер көп, мағыналы сөйлейтін адамдар өте аз.
• Басқалардың бақытына қуанып жүретін адам, бір күні өзі де бақытқа жетеді.
• Біреулер тірі жүрсе де, жоқ сияқты, біреулер қайтыс болса да, өмірде бар сияқты.
• Өмірдің жеті кереметі: көру, есту, сезу, сөйлеу, ойлау, қуану және сүю.
• Жаман қасиетіңді іздеген адам, жақсы жақтарыңды көре алмайды.
• Айтылғанша сөзге өзіңіз қожайынсыз, айтылған соң сізге сөз қожайын.
• Сөз – ұлы құдірет, ұлылығы сөзбенен адамды татуластыруға да, жауластыруға да болады.
• Сөзді байқап сөйле, уақытты босқа өткізбе, мүмкіндікті жіберіп алма.
• Әйеліңмен дос бол, үйіңе береке кіреді, азаматпен дос бол, қадіріңді біледі, білімдімен дос бол, сасқанда ақыл береді.
• Адамның көңіліне қарап сөйлеу – адамгершіліктің белгісі.
• «Кешірімді» екен деп адамдарды ренжіте беруге болмайды.
• Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз.
Айбол Битуғанов,
зейнеткер ұстаз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<