Байлық пен кедейлік

2391

0

Күндердің бір күнінде байлық пен кедейлік “Кім сұлу?” деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа: -Біздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты.

“Қап, қалай жауап берсем екен?” – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: “Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен? ”Ары ойланып, бері ойланып: “Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін”, – дейді.

Байлық пен кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады.

– Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз ә? – дейді екеуі жарыса.

Ер адам жымиып: – Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен.

Құранға ғашық жандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<