Ең қымбат сыйлық

558

0

Ең қымбат сыйлық Нұрмаханова Сандуғаш Арынқызы 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Өрт сөндіру қызметіне ол 2007 жылы келді. Екі жылдан кейін және осы күнге дейін Нұрмаханова Сандуғаш Қызылорда облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы болып атқарады. Бұл бөлімшенің тапсырмасын бәрі біледі: құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, бақылау құжаттарын және тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды бақылау.

«Көшіру және көшірме жасауды ұйымдастыру кейде бір жұмыс күнінен артық уақытты алады, ал ағымдағы жұмыс тоқтамау керек», – дейді Сандуғаш компьютер мониторынан бас алмай.

10 жыл қызмет барысында Нұрмаханова Сандуғаш әрқашан жұмысына байсалды қарайды. Қызметкер барлық қасиеттерге ие болуы керек. Мұқият болу және жедел әрекет ету жеткіліксіз, сергектікті жоғалтпастан, бір функциядан екіншісіне тез ауысып отыру керек. Барлық осы қасиеттер жұмыс тәжірибесі барысында жинақталады.

 «Қазір құжат айналымының барлық жүйесі электронды форматқа көшірілді. Автоматтандырылған жұмыс процесі құжаттар айналымының уақытын азайтады, ол арқылы құжаттарды қызметкерлерге жылдамырақ беруге болады және оны орындауға оларда да  көп уақыт болады», – деді инспектор.

Қызмет барысында Нұрмаханова Сандуғаш Арынқызы бірнеше рет басшылық тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. 2017 жылы ол Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Беккердің дипломы және азаматтық қорғаныс органдарының мерейтойлық медалімен марапатталды.

Жыл сайын 8 наурызда Сандуғаш Арынқызы өзінің сүйікті үш ер азаматынан – күйеуі мен екі ұлының сыйлықтарын қабылдайды. Мен үшін ең қымбат сыйлық – ұлдарымның және сүйікті жұбайымның назары, – дейді Сандуғаш Нұрмаханова.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы          

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<