Қолы ашықтың жолы ашық

958

0

Қымбатты оқырман, бұл ма­қаланы Сыр елінің сүйікті ба­сылымына астықты Қостанай өңірінен жолдап отырмыз. Таяуда, індет сәл-пәл саябырлаған сәтте сақтық талаптарын қатаң ұстана отырып, жалағаштық жұбайым Алтынай Смайылқызы екеуміз күрішті өңірдегі үшінші жұр­тымызға барған едік. Ағайын-ту­ыстың аманды­ғын біліп, үл­кендерге сәлем беріп, сырқат жан­дардың кө­ңілін сұрап, бақилық болған марқұмдардың отбасы, бала-шағасының басына түскен ауыртпалығына ортақтастық кө­­ңілімізді білдірдік. Жас жет­кіншектердің өсіп-жетілген тір­лі­гіне көз салдық. Сапардан ора­лысымен, Қызылорда қала­сын­да тұратын еліне белгілі аза­мат, танымал кәсіп иесі  Жалғасхан Құлекеновтің көпке үлгі-өнеге бо­ларлық, ұла­ғатты іс-қи­мылда­рын айт­сақ дейміз.

Жалғасханның еңбек жо­лы Сыр­дария ауданындағы жылжы­ма­лы-ме­ха­никаланды­рылған №29 құ­рылыс меке­месінен басталды. Бұл 1982 жылы болатын. Оқу бі­тіріп кел­ген Төлегеннің ұлы осы аудандағы күріштіктерді су­лан­ды­ру жүйесінің егіс да­ла­­ларын ме­лиорациялау ісі­мен біраз жыл тия­нақты ай­на­лысқаны көп­тің есін­де. Ең­бекқор азамат осы қа­сиетімен ұжымында үл­кен құр­метке ие еді.

Тәуелсіздікпен бірге келген на­рық­тық қатынастардың бұ­рын іс-тә­жірибеде кездеспе­ген түйінді, тү­сініксіз тұс­та­ры тұтқиылдан бе­лең алып, жұ­мысшы-қызмет­кер­­­­лер­ге қиын тигені анық. Бұл жағ­дай Жал­ғас­хан­ның отбасына, жұбайы Шараның ұс­таздық қыз­меті бола тұ­ра, ай­лап жалақы ал­мауы әлеу­меттік-тұрмыстық жағ­дайына, ашы­ғын айтсам, күн­көрістеріне кері әсер етке­ніне куә болып едік.

Тұрмыс қиындығын тарт­қан шақта үш баласын мек­тептегі сабақ­тарынан қал­дыр­­май, салған бетте-ақ от­­ба­сымен нарықтық бизнес әліп­песін оқып-үйренді. Қи­ын­дық болды, бірақ, тын­бай ең­бектенгендіктен, қа­­жыр-қай­рат, төзімділік, бар­лық мә­селеде ыж­дағатты-үнем­ді өмір сүру­дің арқасында бел шеше кіріскен кә­сіптері оң нәтижесін берді. Алыс-жа­қын­ға дамылсыз қа­ты­нап, ха­лыққа қажетті азық-түлік пен тұрмыстық тауар жеткізді. Тұрғындар үшін ең керек та­уар­ларды та­уып, әкеліп отыр­ды. Сауда саласында он жыл тер төгіп, қиындық қор­шауынан шықты. Бастысы, жан-жақты зерделеуі мен са­уатты есеп жүргізуінің ар­қасында ойға алған жоспары жиһаз жасау ісін бастап кеткен еді.

Иә, ерлі-зайыптылар құр­ған «ЖАНиШ» серіктестігінің мате­риал­дық-техникалық ба­­засы ны­­ғайып, келе-келе са­палы өнім­деріне тұ­тыну­шылардың сұ­ра­­­нысы артты. «Үне­мі ізденісте жүр­ген кә­сіп­керге бизнесін дамы­ту қиын емес» дейтін Жалғасхан бізбен әңгімесінде. Айтпақшы, бір жылдары Қазақстанның Тұңғыш Пре­зидент-Елбасы Н.Назарбаев Сыр елі­не сапары кезінде ай­мақтағы жиһаз жа­саушылар ұжы­мымен кез­десті. Өндіріс жетекшісі Шараға ал­ғысымен қоса, батасын берді. 

Шыны керек, өз сала­сын­дағы та­лапты, еңбекқор, ынталы әріп­тес­­теріне іс-тә­жірибесімен бө­лісіп, жа­қын-жуықтарына қар­жы­лай кө­мек­тесті. Қиындыққа ду­шар бол­ған, жолда қалған та­лай жанға қол ұшын, үйінен дәм берді. Адал ниетті дос-жол­дастарына әр уақытта есігі ашық. Солардың бата-тілегі қабыл бо­лып, Жалғасханның отбасын, ба­­лаларын Алла қол­дады. Оған біз­бен қатар жүз­деген таныстары да куә. Жалғастың туған жеріне, өзі оқыған мектебіне, қандай да бір себептермен отбасында тұр­мыстық қиындықта қалған сы­ныптастарына, мұқтаж жан­дарға қар­жылық-демеу­шілік көмек бер­генін, оң сауапты-қайырымды іс­терін алыстағы біз көп естиміз.

Тағы бір ерекшелігі, Жал­ғас­хан облыс бойынша таэк­вандо жекпе-жегі жарыста­рына қар­жы­лық көмек көр­сетеді. Оны жа­рыстардың бас де­меушісі десе де әбден бола­ды. Кә­сіпкердің игі­лік­ті ісінен БАҚ арқылы об­лыс халқы хабардар. Ұлдары Нұрлан мен Алтынбекті мектеп қа­бырғасында жүрген кезінен таэк­ван­до секцияларына бер­ді. Кейін екеуі де жоғары оқу орындарында оқып жүрген кезде жеңіс тұғырынан кө­рінді. Қазір олар ата-ананың ең­бек дәстүрін жалғастырып, өз кә­сіптерінде өндірістік та­быстарға же­тіп жүр. Екеуі де – отбасылы, Жалғасхан мен Шараға немере сүй­гізген жас шаңырақ иелері.

Жалғасханның  үлгі-өне­ге тұта­тын жақтары жетер­лік. Келісесіз бе, бұл заманда жақынына деген жан­ашыр­лықты да екінің бірі істей бер­мейді.  Жасау керек­тігін білсе де, кей­біреулері соғұрлым бәлденіп, міндет қылады. Ал, біздің Жалғасхан – ол  топтан емес. Біз сол үшін де жұбайы Шара екеуін құрметтейміз. Өйткені, біз айтып отырған ерлі-зайыпты кәсіпкерлер осы күнгі от­басымен қол жеткізіп отырған игі­ліктерге ешкімнің ала жібін аттамай, жан ба­ласына салмағы мен зия­нын тигізбей, ақ-адал маңдай терімен жетті. Олардың осын­дай адами қасиеттері бала­ларымыз бен ағайын-туыс­тары­мызға, ұр­пақ­тарымызға әманда үлгі. Жал­ғасханның қуаныш­ты күндері әлі де алда. Елге болсын дейтін ер­дің тұғырлы болуына біз де тілекшіміз.

Әбдіқадыр ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ,

Алтынай СМАЙЫЛҚЫЗЫ.

Қостанай қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<