Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастырумен өткен «Әке – өмір тірегі» фотожобасы қорытындыланды.
Бір айға созылған жобаға қатысуға қызығушылық танытқандар қатары көп болды. Отбасылық құндылық, әкенің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындағы фотожобаға барлық аудандар мен қаладан түрлі салада жұмыс істейтін әкелер атсалысты.
Бірінші орын Қазалы ауданының тұрғыны Қанат Нұрлан мен Жалағаш ауданының тумасы Нұрболат Ахановқа бұйырды. Сондай-ақ, жобаға қолдау білдірген облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Манат Алмашева бес әкені арнайы номинациялармен марапаттады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<