Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында республикалық #ArdagerNurOtan онлайн акциясы өткізілген болатын.
Акцияның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту және дамыту, аға буынның жинақтаған баға жетпес өмірлік және кәсіби тәжірибесін, адамгершілік құндылықтарын, Тәуелсіздік жылдарындағы елдің дәстүрлері, тарихы мен жетістіктері туралы білімдерін жас буынның жадына жеткізу.
Бұл іс-шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен ниеттес, ел болашағына алаңдайтын, қазыналы ардагерлеріміздің ақпараттық-танымдық бейнероликтері жинақталды.
Жас өрендермен кездескен ардагерлеріміз еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және жас мемлекетті қалыптастыруда Елбасының қосқан үлесі туралы құнды әңгімелерімен бөлісті.
Қатысушылар қатарында Ұлы Отан және тыл еңбегінің ардагерлері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, еңбек ерлері, өңірлердің құрметті ардагерлері болды. Акция аясында республика бойынша 1700-ден астам, Қызылорда облысынан 100-ге жуық бейнеролик аға буын өкілдерінен келіп түскен.
Қорытынды нәтижесінде 30 бейнеролик таңдалып алынды. Соның ішінде Қызылорда облысының ардагері Әбдіреев Алтынбек Сембіұлының бейнеролигі үздіктер қатарынан табылып, «Nur Otan» партиясы жанындағы «JasOtan» ЖҚ тарапынан 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.
Бүгін Теміржол партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен «JasOtan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Медет Жорабек ардагерге марапатын салтанатты түрде табыстады.
Әбдіреев Алтынбек Сембіұлы 1955 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Алматы теміржол көлігі инженерлерін даярлайтын институтын «инженер -механик» мамандығын бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы вагон депосының вагон жинақтау цехының бригадиріне бастап, «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» «АВЖЗ» АҚ директоры қызметін атқарған. 2019 жылдан зейнетте.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<