Сөздің құны

3210

0

Адамдардың жақсы сөйлей білгені дұрыс. Айтқан сөздерің тек шын болсын, сол шыншылдығыңмен атың шықсын. Айтылатын сөздердің ең дұрысы – айтылуға тиіс сөз. Қандай сөз болмасын, оның жақсы жағы, жағымсыз жағы болады. Бір сөздер бар, айта білсең, жаның рахаттанады. Ал енді сол сөздерді басқаша қолдансаң, жаның күйзеледі.

Мысал. Бірде Һарон ар-Рашид түс көріпті. Түсінде тістері түгел түсіп қалыпты. Ертеңіне түс жорушыларды жинап алып: «Мына түсті маған жорып беріңдер!» дейді. Сол кезде біреуі тұрып былай жориды: «Алла сізге ұзақ ғұмыр берсін. Сенің барлық туысқандарың сенен бұрын өледі екен». Һарон ар-Рашид былай депті: «Мына түс жорушыға жүз шыбық дүре соғыңдар, мынадай сөздерді маған батылы жетіп қалай айтып тұр? Егер менің туысқандарым менен бұрын өлетін болса, бұл қалай болғаны сонда?»

Сосын басқа бір түс жорушыны алдырды. Оған өзінің көрген түсін баяндады. Түс жорушы түсті былай жорыды: «Ұлы әміршінің көрген түсі бойынша әміршінің өмірі туыстарынан ұзақтау болады екен». Һарон ар-Рашид былай деді: «Айтқандарың бірдей болып шықты». Расында айтқандары бір, бірақ айтылуы басқаша еді. Һарон ар-Рашид бұл адамға жүз динар ақша берді.

Мінекей, сөздің құдіретін ұғынған адам ғана осылай сөйлейді.

Сөзді айта білмеген адам жазаға да ұшырады. Сөзді айта білген адам жаныңды рахатқа да бөлейді. Бұл оқиғадан әрбір адам сабақ алуы тиіс.

Бақтияр МЫРЗАШ.

Сәкен Сейфуллин ауылы,

Сырдария ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<