Туған өлкенің парасатты перзенті

2321

0

Адамның алдағы өмі­рінің бағдар­шысы, күн­делікті дағдысының не­гізгі түпқазығы, халық ал­дындағы абыройының айнасы – жасаған ісі, атқарған қызметі. Сон­дық­тан да адам өзінің адал ниетін, күш-жігерін, өмірлік ұстанымын бір арнаға тоғыстыра алса, ол өзі өмір сүріп отырған қоғамның лайықты кейіп­керіне айналады. Бо­йына парасаттылықты, бай­сал­дылықты, әділдікті, тиісті істі орындаудағы та­бандылықты жинаған дег­дар жандар әрқашан ерекшеленіп, еңсесі биік көрініп тұрары да анық.

Дана халқымызда «Ер – елдің айнасы» деген ұлағатты ұғым бар. Бұл халықтың қалаулысы атанған ұлтжанды тұл­ғаларға қарата айтылса керек. Тұлғаның қай­рат­керлік болмысын ай­шықтайтын осынау құн­дылықтар қадірлі ел ағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетовке лайықтап айтылып, оның азаматтық ажарын айшықтай тү­се­тіндей.

Бұрын сыртынан танитын Сейіт­сұл­тан Сүлейменұлымен 2007 жылы IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған уақыттан бастап жақын танысып, қызметтес болдық. Еліміздің бірқатар мем­лекеттік органдарында та­лай жыл жауапты, басшы қызметтер атқарған, Мемлекеттік қаржы-ба­қылау комитетінің төр­ағасы, Халықты әлеу­меттік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі және Әділет министрінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бас­шысының орынбасары, ҚР Пре­зи­денті Әкімшілігінің Ұйым­дастыру-Бақылау бө­­лі­мінің мемлекеттік инс­пекторы, сондай ақ, IV-V сайланған ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің Эко­номикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы  болған  өнегелі өмір жолын әрбір азамат үлгі тұтар ағамыздан көп нәрсені үйрену де бір ғанибет.

Ағамыз осылайша қызмет жолының барлық сатыларынан абыроймен өткен, әсіресе, Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы қиын шақта бюджетті қалып­тастыру, жоспарлау, бекітудің талай ауыр жүгін арқалаған. Сол уақытта жылдық бюджет жобасының 16-17 нұсқасы дайындалатынын бүгінде біреу білсе, біреу білмес.

Сөзі дуалы, көпшілік ортада салиқалы ойын айтып, байсалдылық танытатын азаматтың өмір жолы тағылымға толы. Әрдайым күрделенген, күрмеуі қиын мәселелерді оңынан шешу жолында тынымсыз ізденістерге барып, тың бастамаларды уақытында көтере біледі. Сондай-ақ, өмірлік ұстанымы мен ізденімпаздығы, бірізділігі ағамыздың әрі қарай жемісті жұмыс жүргізуіне құлшыныс береді.

Сейітсұлтан Әйімбетов Сыр елінің тумасы, Қызылорда облысына қатысты маңызды мәселелер туындаған сәтте қайсысының кезек күттірмейтін, өзекті проблема екендігін бір-бірімізге айт­қызбай, жақсы түсінетінбіз. Қызылорда облысы экологиялық аймақ болғандықтан, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға көптеген кедергі өз әсерін тигізбей қоймайды. Соның ең негізгісі – таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі. Осы күрмеуі қиын шаруаның Қызылорда облысындағы мәселенің күрделі тұстарын реттеу үшін С.Әйімбетовпен және өзге де депутаттармен бірге сол кездегі Үкімет басшысына, бірқатар жауапты министрлікке депутаттық сауалдар жолданды.

2010 жылы С.Әйімбетовпен бірге бір­неше депутат Үкімет басшысының атына «Қызылорда қаласындағы об­лыс­тық мекемелер үйінің құрылысы» жобасының жүзеге асуы жолында қажетті қаржыны бөлуге байланысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Оң шешімін тапқан осы сауалдың нәтижесінде 2 жылдан астам уақыт ішінде құрылысы аяқталған осы ғимарат бүгінгі күні облыс әкімінің аппараты, Қызылорда облысының атқарушы органдары мен облыстық мәслихат аппараты, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан орталыққа айналды.

Халықтың ризашылығына бөленіп, алғы­сына ие болған кездері де сайлау­шы­ларының есінде. Көтеріп отырған мәселесінің өзектілігіне, оның қамтитын ауқымдылығына баса мән беру үшін халық қалаулысы тақырыпты тереңінен зерттеп, талдау жүргізеді. Табандылық танытады. Шыдам мен шынайы ықылас қатар өрілсе, кез келген істің нәтижелі болары сөзсіз. Ал осы ізгі қасиеттер арқылы ағамыздың азаматтық қалпының, өмірлік ұстанымының бір сәтке өзгермеуі – оның жемісті еңбегінің жарқын көрінісі.

Кезінде, яғни 2009-2010 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­вер­ситетінің оқу спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау қажеттілігі тұрды. Басталған құры­лыстың ауқымды жұмыстары аяқталып, бітуге жақын қалған тұста республикалық бюджеттен қажетті қаржы аударылмай, құрылыс жұмыстары кідіріп қалды. Осы жұмысты аяғына дейін жеткізу үшін сол кездегі Білім және ғылым министрінің атына республикалық бюджеттен қаржы бөлу қажеттілігі жөнінде С.Әйімбетовпен бір­ге депутаттық сауал жолданып, бұл шаруа кейіннен оңынан шешілді. Бү­гінде «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені аймағымыздағы ір­гелі білім ордасы – Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда университеті білім алу­шыларының дене шынықтыру пәнін өткізуге, спортпен шұғылдануға, сонымен қатар қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап келеді.

Сейітсұлтан Сүлейменұлы Сыр өңі­ріне қызметтік іссапармен келген кезінде бұрын-соңды депутаттар бармаған ең шеткі ауылдарға дейін барып, жауапты жиындарда халықпен жүздесіп, кездесу өткізіп жүрді. Сонда Сәкеңнің бойындағы шынайы қасиеттері айқын көрінетін. Ағамыз кез келген мәселеге байыппен қарап, сабырлықпен әрбір сауалға қатысты өз пікірін дәйекті түрде баяндап беретін.

Сонымен қатар Сәкең – турашыл. Жалтаруды, жағынуды білмейді. Бәлкім, оны өмірдің ағымына бейімделуге талай итермелеген де шығар, бірақ бәрібір оған үйренбеген, бейімделмеген. Бойындағы рухани күш, теңіздей терең білім, кемел ақыл-парасаттың арқасында ол – жағымсыз қылықтардан бо­йын аулақ салуды өмірлік ұстанымына айналдырған тұлға.

Сәкеңнің бойындағы тектілік қасиет ардақты әкесінің қанымен, аяулы анасының ақ сүтімен бойына дарыған болар. Ағамыздың бойындағы асыл қасиеттер талай өмір белестерінен өткен, кәсіби тәжірибесі өте зор халықтың тұлғаларына лайықты және соларға ғана жарасатындай. Осындай тұлғалы келбеті Сәкеңнің азаматтық адалдығына, адамгершілік болмысына ешбір дақ түсірген емес.

Бір қарағанда Сейітсұлтан ағамыз айналасындағыларға суықтау, өзін өзі ерекше ұстайтындай көрінуі мүмкін, ал шын мәнінде жомарт жүректі, достарына ықыласы мол, жақындарына қамқоршыл, отбасында адал жар, немерелеріне аяулы ата.

Сейітсұлтан Сүлейменұлы жұмыстан қолы қалт еткенде шығармашылықпен айналысуды өте жақсы көреді. Кітапты көп оқиды, оқығанын көңілге тоқып, жақсы кітап немесе мақала шықса, оны айналасындағыларға жеткізгенше асығады. Бұған дәлел – ағамыздың қаламынан туған бірнеше кітап­тары. Кейінгі жазған кітабы биыл, яғни, 2020 жылы баспадан шықты.

Туған өлкесінің ежелгі дәуірлерден бергі тарихын қызығушылықпен зерделеп, өзінің жазған кітаптарында жүйелеп бейнелеген, яғни, бұл жер­дегі негізгі ұстаным  – «Өткеніңді зер­де­лемесең, бүгінгіні түсінбейсің, болашақты біле де алмайсың».

Сейітсұлтан Сүлейменұлының өмі­рінде Нұр-Сұлтан қаласының орны айрықша. Елбасының тікелей бастамасымен салынған әсем қаланың әрбір бөлігін Сәкең жатқа біледі. Қаланың жетістіктеріне, дамығанына қуанады, кемшін түсіп жатқан тұстары болса, түзетуге атсалысады.

Қасиетті Сыр өңірінің төл перзенті, өнегелі болмыс иесінің өмір жолы соңынан ерген шәкірттерінің, жас қар­жы­герлердің өмірлік жол бағдарындай. «Баспалдақпен інілер көтерілсе, үзеңгімен ағалар атқа мінсе» деп атақты ақын Қадыр Мырза Әлі жырлағандай, ол – қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп келе жатқан азамат. Қадірлі ел ағасына айналған, халықтың ықыласына бөленген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сейітсұлтан Сүлейменұлы – ат арқасында жүрген азамат. Жастардың ақылшысы, жанашыры бүгінде «Тұрғын үй комму­налдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.

Ағамыздың жан жары  Ғалия апай да – парасатты жан, отбасының бере­кесі, балаларының сүйікті анасы, немере­лерінің аяулы  әжесі.

Елінің сенімін ақтай білген ағамызға сырбойылық інілерінің ықыласы ерекше екенін жеткізгіміз келеді.

Қылышбай БИСЕНОВ,

техника ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҰҒА академигі,

IV сайланған Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің

депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<