Жастарды тың істерге атсалысуға шақырды

2103

0

Бар саналы ғұмырының 36 жылын теміржол саласына арнаған қарапайым шеберден бастап Теміржолсу мекемесінің басшысына дейін қол жеткізген «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Ахмедияр Пірімбетовпен кездесу өтті. Онда ардагеріміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында теміржол саласында кезіккен қиындықтырды жеңген естеліктерімен бөлісті.


«Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қай салаға болса да оңай болған жоқ. Теміржолсу мекемесінің қызметкерлеріне қалыпты еңбек жағдайын жасауда ысырма, насос,трубаларды тауып мекеме ішінен сорвы құрылғы жөндейтін цех ашып, труба фитингілердің түр-түрін шығарауда жұмыс жасадық. Кезіккен қиындықтарда ұжым болып бірлесіп, дұрыс шешім қабылдай білдік. Елбасының сарабдал саясатының арқасында теміржолда бірнеше жол сала реформалары жасалды. Соның бірі «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы негізінде су құбырлары ауыстырылды. Диірментөбе, Қорқыт, №26 бекетте таза су қондырғылары орнатылып тұтынушыларды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз еттік. Осылайша ел экономикасын көтеруге тың істерді атқарып, өзіндік үлестерімізді қостық» дейді ардагеріміз.


Кездесу соңында мерекемен құттықтап, жастарды тәуелсіздіктің мәртебесін көтеретін тың істерге атсалысуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<