20 қаңтар – пингвиндер күні

1874

0

20 қаңтар пингиндер күні саналады. Әлемдік қауымдастық осы бір ерекше құсқа арналған  экологиялық  бейресми мерекені   жыл сайын атап өтеді. Негізгі мақсат адамдардың пингвиндер проблемасына, олардың саны кеміп кетпеуіне назар аудару.

         Пингвин – сүйкімді және әдемі тіршілік иесі. Сондықтан шығар, олар көптеген мультфильмдердің кейіпкерлеріне айналды. Бұл құстар туралы не білеміз?

         Пингвиндер 70 миллион жыл бұрын, ғаламдық жылыну кезінде пайда болды. Олар ұша алмайтын құстар. Дегенмен, пингвиндердің алғашқы түрлері ұшуды білген, бірақ, эволюция барысында бұл қабілетінен айырылып қалды. Кейінірек, ауыр сүйектерінің арқасында суда жүзуге үйреніп, керемет сүңгушілерге айналды. Судың астына 500 метр тереңдікке түсіп, 40 км/сағ жылдамдықпен жүзей алады.

          Бұл құстардың 17 түрі бар. Олардың барлығы дерлік Оңтүстік жарты шарда өмір сүреді. Тек галапагос пингвинін ғана, Солтүстік жарты шардың тұрғыны деп санауға болады. Өйткені, Галапагос аралдары экватордың ар жағында орналасқан. Көп қабатты қауырсынның және оның астындағы қалың майдың арқасында, бұл құстар қатты суыққа төзе алады. Антарктиканың салқын желінен қорғану үшін, пингвиндер тығыз топтарға жиналып, жұмыртқаларын аяқтарына қойып жылынады. Соған қарамастан, жаңа туылған балапандардың 70%-ы, көп ұзамай суықтан өледі.

         Көп уақытын суда өткізетін болғандықтан, олар балық және шаян тәрізділермен қоректенеді. Ал, үш айға созылатын түлеу кезеңінде, пингвиндер тамақтан толығымен бас тартып, осы уақытқа дейін жинаған май қорларының көмегімен өмір сүреді.

         Пингвинге таза су қажет емес, ол тұзды суды іше береді, себебі, денесінде тұзды сүзіп алатын арнайы бездер бар. Ең үлкен өкілі – император пингвині, оның биіктігі 130 см дейін жетеді, ал салмағы 20-50 кг. Баландарды ұрғашылары ғана емес, еркектері де басады. Түсіне және дене пішініне қарап ажырату қиын. Олар бір-бірін дыбыстардың көмегімен ғана таниды. Дауыстары есектің айғайына немесе қарғаның қарқылына ұқсайды.

         Пингвин көңілді, талғампаз және мейірімді құс. Көптеген адамдар оларға сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ, бұл қанаттылардың саны жыл сайын біртіндеп азайып келеді. Бұған, климаттың өзгеруі және мұнай қалдықтарының мұхитты ластауы себепкер болып тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<