Америкада жыл сайын өтетін People\’s Choice Awards сыйлығының «2018 жылдың үздік фильмі» аталымында көрермендер Marvel студиясы шығарған «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» фильміне дауыс берді. Бұл туралы Enews порталы хабарлайды.
Сыйлықтың өзге де аталымдарының үздіктері анықталды. Көрермен қалауы бойынша, Джеймс Фоулидің «Еркіндіктің елу реңкі» картинасы – үздік драма, режиссер Сузанна Фогельдің «Мені лақтырған тыңшы» фильмі – үздік комедия, «Суперотбасы 2» мультфильмі – үздік отбасылық фильм атанды. Киносүйер қауым «Қара пантера» фильмінің бас кейіпкері Чедвик Боузманды үздік актер деп таныса, Скарлетт Йоханссонды биылдың үздік актрисасы ретінде мойындады.
inform.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<