5G қауіпті ме?

669

0

5G қауіпті ме? 2020 жылы Еуропада 5G жаппай енгізіледі, алайда бұған қарсы келушілердің саны күннен күнге артып келеді. Олар телекоммуникация жүйесінің бесінші сатысының адам өміріне зиян екенін алға тартады.
 5G бұрынғысына қарағанда әлдеқайда жылдам. Бұл жүйе 4G-ден ең кем дегенде 100 есе, ең көбі 1000 есе жылдамырақ. 5G-мен фильмдерді бірнеше минутта жүктеп алуға болады.  
Биыл бұл жүйе әлемнің 28 мемлекетінде іске қосылады деп жоспарлануда. Әзірге оның адам денсаулығына қалай әсер ететіні белгісіз. Алайда қазірдің өзінде әлем халқының көпшілігі антенналардың артуына алаңдаулы. Өйткені одан тарайтын сигналдар адам өміріне зиян келтіруі мүмкін. Бұған дейін АҚШ-тағы Ақ үйге жақын орналасқан RT America телеарна желісі 5G-дің көзге көрінбейтін кемшілігі бар екенін анықтаған. RT America телеарнасы «Адамзатқа жасалған қауіпті ғылыми тәжірибе» атты сюжетінде 5G-дің кемшілігі адам денсаулығына қауіп төндіретіні айтылған. Мамандар жаңа жүйе ми рагын, белсіздік, аутизм, жүрек ауруы мен Альцгеймерге шалдықтыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда ғылыми дәлелденген жоқ. Әзірге сарапшылардың пікірі қақ жарылды. Біреулері бұл мәліметтің шындыққа жанасатынын айтса, екіншілері бұл экономикалық соғыстың амалы болуы мүмкін екеніне сенімді. 5G жүйесі дами бастағалы оған қарсы шығушылар да артып келеді. Қазірдің өзінде 30 қаланы қамтыған бұл қызмет түрінің денсаулыққа зиян екен туралы бағдарламалардың саны жетіге жеткен. Алайда олардың ешқайсысының ғылыми дәлелі жоқ. Жүйеге қарсы шығушылар жаңа технология смартфонның жиілігін жоғарлату арқылы денсаулыққа қауіп төндіретінін алға тартады. Бірақ ғалымдар бұл пікірге қарама-қарсы сипаттама берді. Радиожиілік жоғары болған сайын оның адам терісіне әсері азаяды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<