8 сәуір – Өрт сөндірушілердің бейресми мерекесі

1098

0

Бүгін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған саты күні. Бір қарағанда күлкілі болып көрінуі де меүмкін. Бірақ бұған байыппен қараған дұрыс. Бұл құралдың  көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуда рөлі зор болған. Бұл мерекенің тарихы 1766 жылы 8 сәуірде АҚШ-та сатының алғаш рет патенттелуімен байланысты. Ол сол кезде барлық сынақтан сәтті өтіп, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келген.

Бүгін сондай-ақ  халықаралық сығандар (International Roma (Gypsy) Day) күні аталып өтуде. 1971 жылы 8 сәуірде Лондонға бүкіл сығандар жиналып, құрылтай өткізеді. Ол Бүкіләлемдік сығандардың конгресі деп аталды. Оған осы ұлттың 30 мемлекеттегі өкілдері жиналды. Сол жиынның қорытындысында ұлттық рәміз – ту, әнұран қабылданып, сығандар өздерін ерікті жеке ұлт ретінде жариялады.

 Сығандар туралы тарихта алғаш рет 1501 жылы жазылады. Сыған көсемі Василь латыш князі Александр Казимировичтің қолынан күзет грамотасын алды делінген онда. Бүгінгі таңда сыған халқының саны – шамамен 8-10 млн. Олар Жер шарының Солтүстік, сол секілді Оңтүстік белдеулерін мекен етеді: Албания, Румыния, Молдова, Хорватия, Аргентина, Белоруссия, Канада, Бразилия, Ресей және т.б. елдер. Қазақстанда шамамен 4 мынан астам сыған тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<