Адамдарды бетінен тани біліңіз

614

0

Адамдарды бетінен тани біліңіз Адам баласы туылған сәттен бастап өзіндік ерекшелікпен дүниеге келеді. Сол ерекше қасиеттері оның бет пішіні болуы мүмкін, демек адамдардың бет пішіні арқылы да қандай екенін білуге болады. Ендеше төмендегі бет пішіндеріне көңіл бөліңіз.

1. Сопақша бет. Аристократты түрге жатады. Ондай бет-пішінді адамдар ақылды,бір қалыпты, сезімтал келеді.Олар жинақы,әділ әрі салмақты. Ондай адамдарда ұйымдастыру қабілеті жақсы дамыған және дегеніне жетпей қоймайды. Олар көбінесе жеңіске жететіндер.

2. Алмұрт пішінді бет. Бұл адамдар кең маңдайлы,үшкір иекті болып келеді. Олар өмірде нағыз әртіс,ақылды,сезімтал болады және сол қасиетінің арқасында айналасындағыларға сыйлы болады. Алмұрт пішіндес әйелдер қамқор,өз ісіне берілген,өте әдемі және оптимистер.

3. Төртбұрышты бет. Бұл адамдар тасжүрек,бірбеткейлі,ашық мінезді және баяу қимылдайтын болады. Олар лидер болуға ұмтылады, және жетістікке жетеді. Бірақ олар қатал, дөрекі әрі мықты болып келеді. Олар өз сөзінде тұратын және бір шешімге келетін адамдар. Ал әйел адамдарға келетін болсақ, көбінесе отбасын әйел басқарады. Ерлері әйелінің айтқанынан шықпайды.

4. Үшбұрышты бет. Мұндай адамның маңдайы ұзын әрі кең,ал көздері кіріңкі,иектері шығыңқы. Олар өзін ғана ойлайтын,қызғаншақ, сенгіш болады. Айналасындағыларға ұнамайтын істерде көшбасшы болады. Сонымен қатар олар дарынды әрі сезімтал келеді. Көбіне ақылды және  аздап қулау да келеді.

5. Дөңгелек бет. Олар ізгі ниетті,пәк сезімді,тазалық сүйуші,нәзік жанды таяз ойлаушылар. Ондай адамдар лидерлікке,атақ-абыройға ұмтылмайды.Олар жайлылықты және адамдармен көп араласуды ұнатады. Олардың көздері мөлдір әрі тұнық келеді. Мұндай адамдардан жақсы басшылар шығады.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<