Қалтасы қалың қайыршылар

559

0

Қалтасы қалың қайыршылар Көшеде не базар маңында, жолда қайыршылықпен айналысатындардың бәрі шынымен де қайыршы, ашқұрсақ, қалтасы жұқа адамдар десеңіз қателесесіз. Қайыршылықтың арқасында айына 5-10 мың АҚШ долларын табатындар да бар. Олар қымбат машина мен зәулім үйлерде тұрады. Тек, олар үшін қайыршылық – кәсіп! Төменде сондай бай-қайыршылар туралы айтып өтетін боламыз.
 1. Саймон Райт Саймон актерлік қабілеті бар қайыршы-алаяқ. Ол Лондон көшелерінде ескі киммен қасына итін ертіп алып күніне 8 сағат, демалыс күндері одан да көп уақыт қайыршылықпен айналысады. Саймон осы жолмен айына 5 мың АҚШ доллардай тауып, Лондондағы ең жақсы мөлтекаудандардың біріндегі 300 мың фунт-стерлинг тұратын үйінде жасайды.  Саймон өз «құрбандарын» банк пен банкомат маңынан аңдиды екен. Ақша алып тұрған адамдардан алдымен қайыршы кейпінде ақша сұрап көреді бермесе итімен бірге қоқан-лоққы жасап қорқытып-үркітіп дегеніне жетіп отырған. Көршілерінің айтуынша ол букмекерлік кеңселер мен ойынханалардан шықпайтын ойынқұмар адам. Тіленшілікпен тапқан тиындарының бір бөлігін ойынға жұмсаса қалғанын банктегі есепшотына өткізіп отырған. 2015 жылы Саймонды алаяқтығы, көшеде бей-берекетсіздік туғызғаны үшін соттап, қайыршылықпен айналысуға қатаң тиым салған. Егер ол заңды тағы бұзса 5 жылға бас бостандығынан айыру үкім етіліпті.
2.Айша Айша – 100 жасқа дейін Джидда көшелерінде қайыршылық қылған араб әйелі. Бұл әйел қайтыс болғанда үйінен 800 мың доллар мен 200 мың долларлық  қымбат әшекей бұйымдар табылған екен. Ол барлық байлығын үйсіздерге мұра етіп қалдырған.
3.Самбаджи Кале жанұясы Самбаджи жанұясымен бірге Бомбей көшелерінде қайыршылық қылады. Бір күнде отбасымен бірге  1000 (1рупий – 4,96 тг) рупийден артық табады екен. Олардың банкте жеке есеп шоттары бар.
Қалтасы қалың қайыршылар 4. Кришна Кумар Гите Кришна да Бомбейлік өте шебер қайыршы. Ескі киімде жүріп ол күніне 1,5 мың рупий тауып, хансарайдай үйде тұрады.
5. Ирвин Кори Ирвин голливудтың атақты комик актері.  Вуди Алленнің досы. Манхеттенде миллионерлер тұратын ауданда жасаған. Күніне газет сатумен  200-250 доллар тапқан. Тапқан ақшаларын балалар үйіне жіберіп отырған. Бір бөлігін өзі сатып отырған газеттерге қаржылай көмек ретінде беретін болған. Ирвин 2014 жылы 103-ке қараған шағында өмірден өтті.
 6. Лакшми Дас Лакшмий Калкуттаның кедейлер ауданында 44 жыл қайыршылық қылған. 16 жасынан бастаған кәсібімен  60 жасында банкке 4 шелекпен 90 келі теңге өткізген.
7. Уилл Андерсон Уилл Нью-Йорк тұрғыны. Кезінде театр актері болған. Өзінің иті Ризбен сағатына 200 доллар табады.
 8. Гэри Томпсон Мүгедектер арбасына таңылған Гэрри адамдардың аяушылығын туғызу үшін өзін мүгедек һәм ақылы кем етіп көрсетеді. Шындығында сап-сау адам. Гэрридің айтуынша жылына 100 мың доллар ақшаны осы жолмен табатын көрінеді.
9. Массу Массу үндістандық қайыршы. Күнде кедейлер сияқты киініп 8-10 сағат қайыршылықпен 15 мың рупий табады. Адамдар осы қайыршыға тиын тастап жатып миллионерге ақша беріп жатқанын білмейді. Массу шындығында миллионер қайыршы.

Дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/52957/

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<