«Алтын алқа» алғаш тапсырылған күн

744

0

«Алтын алқа» алғаш тапсырылған күн Бүгін –  көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа» алғаш тапсырылған күн.  Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті бірінші рет «Алтын алқа» белгісін  табыс етті. Орден статусына ие «Алтын алқа» белгісі 1993 жылы бекітілген.

«Алтын алқа» 7 не одан да көп баласы бар аналарға беріледі. Жібек бауға тағылған алқада алақандағы сәбидің бейнесі және күн шапағы айшықты өрнекпен көмкерілген.

 «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы өмір бойы беріледі, яғни зейнетақыға шыққаннан кейін де тоқтамайды. Жәрдемақы оның табысына қарамай тағайындалады және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі. Бұл жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланбайды. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көп балалы аналар көлік және жер салықтарынан босатылады.

Тұрғылықты жерін тіркеу кезінде нотариалдық әрі заңнамалық маңызды іс-қимылдарды жасау кезінде, төлқұжат пен жеке куәлікті алу шараларында мемлекеттік баж төлемейді.

«Алтын алқалы» аналарымыз аман болсын, көп болсын!

М.МЕРЕЙ. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<