Ғалымдар \»мінсіз\» әйелдің қандай болатынын көрсетті

410

0

Ғалымдар \"мінсіз\" әйелдің қандай болатынын көрсетті Бирмингем университетінің профессоры, антрополог Элис Робертс адамзаттың эволюциялық кемшіліктерден ада, «мінсіз» әйел қандай болатынын көрсетті, – деп хабарлайды Newsweek. 
Робертс әйелдің «жетілдірілген» бейнесін деректі фильм үшін арнайы жасаған. Фильм мінсіз адам жасаудағы болашағы бар жобаларға арналған. Антрополог сіңісіп қалған эволюциялық процестерден ауытқып, ең қажет деген тұстарын жануарлар әлемінен алған.  Адамның терісін ол ультракүлгін сәулелерден қорғайтын бауырмен жорғалаушылар қабыршығына ауыстырған. Тыныс алу жүйесін құстардан алған – оттегінің сіңіруі жоғары болу үшін. 
Балаларын алып жүру жеңіл болу үшін кенгурудың қалтасын және жүрек талмасы қаупін төмендетуге қосымша қан тамырларын қосқан. Өз туындысының құлағын жарғанаттардан көшірген. Жылдам жүгіру үшін құс аяғын береді, алайда, мұндайда биіктікке өрмелеу мүмкіндігі жойылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<