АҚШ-тағы Колумбия Университетінің ғалымдары ер адамдардың қолды қатты қысуы әйелдердің табысты болуына әсер етенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі SSM-Population Health басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу нәтижесі қол алысу кезінде қолды қатты қыспайтын ер адамдардың қолды қатты қысатындарға қарағанда көбісі некелеспегенін көрсеткен.
Ғалымдардың айтуынша, әйелдер қол алысу кезінде қолды қатты қысатын ер адамдарды мықты әрі дені сау деп қабылдаған.
Зерттеуге 1923 және 1948 жылдар аралығында туған 5000 адам қатыстырылған.
Бұл қол алысуды қарастыратын бірінші зерттеу емес. Осыған дейін ғалымдар қолды қатты қысатындардың есейгенде ақыл-ойы және есте сақтау қабілетінің жоғары болатынын анықтаған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<