Ұзақ ұйықтау мезгілсіз өлімнің болу көрсеткішін ұлғайтады. Бұл мәлімдеменің авторлары – жапон ғалымдары. Мамандар жүргізген зерттеу барысында аз және тым көп ұйықтаудың зиянды тұстарын анықтаған болатын деп хабарлайды facty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде көп ұйықтайтын 60 жастағы адамдардың мезгілден бұрын қайтыс болу оқиғалары жиі кездесітіні анықталды.
Ғалымдардың айтуынша, мезгілсіз өлім қаупі бір тәулікте бес сағаттан аз және 10 сағаттан көп ұйықтағандарда анағұрлым жоғары болған.
Оған қоса, қарт адамдардың спортпен шұғылдануы ұйқы гигиенасының ұстанбауына кері әсер тигізетіні белгілі болды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<