Қай перизатты таңдайсыз? (психологиялық тест)

2204

0

Қай перизатты таңдайсыз? (психологиялық тест) Алдыңғы материалдарда сүйікті түске, киімнің түсіне, ұнайтан балмұздаққа, таңдаған гүліңізге байланысты мінезіңізден хабар беретін психологиялық тесттер ұсынған едік. Бүгінгі кезекте түрлі түсте берілген төрт перизат ұсынамыз. Адамның түс таңдау ерекшелігіне байланысты тағы бір тестті байқап көріңіз. 
Қызыл перизат
Сіз энергиясы мол, сезімтал әрі сабырлы адамсыз. Бірақ туыстарыңыз боен достарыңыз болмаса, көпшілігі мұны біле бермейді. Сіз ешқашан сынбауға тырысатын иілгіш, мықты жансыз. Бірақ қатты қабаттың ішінде нәзік жаратылыс жатыр. Тіпті мелодрама қарасаңыз да көз жасына ерік беруіңіз мүмкін. Өміріңіз «Мен саған айттым ғой» дейтіндей сәттерге толы. Басқалары сізге кеңес сұрауға көп жүгінеді, олар не естігісі келсе де сіз тек бар шындықты айтып тастайсыз. Ұстанымыңыз түйсік пен қарым-қатынас.
 Жасыл түсті перизат
 Сіз табиғатты құрметтейсіз: жағажай, таулар, үй жанындағы саябақ, қоршаған орта. Бұл қасиетіңіз интроверттікке жақын екеніңізден хабар береді, табиғаттағы тыныштықтан жаныңыз жай табады. Басқалары сізді жиі есіне ала бермейді, сол себепті де жалғыздықта қалуды ұнатасыз. Дәл қазір сіздің өміріңізде аумалы-төкпелі сәт өтіп жатыр. Ал сізге өзгерістер аса ұнай қоймайды. Мақсатыңыз тыныштықта өмәр сүру және өзіңізді дамыту.
Күлгін перизат 
Сіз ойшыл, табанды жансыз. Кейде артық кетіп қаласыз, бұл сізге мәселе туғызуы мүмкін. Басқалар жетістікке, бақытқа жетуіне жол ашасыз. Ал достарыңыз сізге өзіңізге де уақыт табуыңыз керек екенін айтады. Бірер сәт үзіліс жасап, ішкі әлеміңізге үңіліңіз де, өз өзіңізді таныңыз. Аздаған біліміңізді пайдаға асыратын уақыт жетті. Мүмкіндіктер есік қаққанда, оларды құшақ жая қарсы алыңыз. Өмірден алған сабақтарыңызды іске асырсаңыз, дегеніңізге жетесіз.
Көгілдір түсті перизат
Сіз мейірімді жансыз, шытырман жайларға жаныңыз құмар. Айтылған әзілге шын жүректен күліп, көңіл көтерген ұнайды. Кейде мысқылдан мәселелер тууы мүмкін, бірақ жағымды мінезіңіз мұндай жағдайдан оңай шығуға көмектеседі. Сіз үшін кешкілік жағажада алау жағып, жұлдызды аспанға тамсана қарап достарыңыздың ортасында отырудан асқан бақыт жоқ. Сізге саяхаттау ұнайтыны соншалық, қарапайым өмірді де саяхатқа айналдырып жібересіз. Сүйікті сөзіңіз: қандай жағдай болса да, өтіп кетеді.

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<