Қайырымды отбасылар тізімінде көш бастаған жандар

551

0

 Өткен 2017 жылы Microsoft компаниясының негізін салушылардың бірі Билл Гейтс пен жұбайы Мелинда Гейтс Америкадағы қайрымды отабасылар тізімінде  көш бастады. Елу шақты жанұядан жиналған 14,7 миллиард АҚШ доллары түрлі қайырымды істерге жұмсалды. Бұл көрсеткіш 2008 жылдан бергі әр жылы жиналған ақшадан асып түсті. 
Мысалы, 2016 жылы – 5 млрд; 2015 жылы – 6 млрд; 2014 жылы – 10,2 млрд доллары қайрымдылық істеріне сарп етілген. Былтырғы іс-шарадағы қаржы 2008 жылғы ұлы рецессиядан кейінгі ең жоғарғы қайырымдылық істеріне жұмсалған қаржы болып тұр. Бұл қайрымдылық іс-шарасына Билл Гейтс пен Миланда Гейтс 4,8 млрд доллар берген. Осымен 4-рет Гейтстер жанұясы «ең қайрымды отбасы» атанып отыр. Forbes журналының мәліметінше, Билл Гейтстің жалпы ақша қоры 90,5 млрд АҚШ доллары болып, байлар тізімінде екінші орынға жайғасқан. Ал, бірінші орындағы Amazon  компаниясының иегері Джеф Безос бұл «қайрымды байлар» қатарында жоқ болып шықты.
Екінші орында тағы бір атақты жұп – Марк Цукерберг пен Прицилла Чан. Олардың жалпы, ақша қоры 70,1 миллиардты құрайды. Ал, үшінші орынға қайрымдылыққа 1 млрд доллар жұмсаған Майкл Делл мен Сюзан жайғасқан. Бұл жанұяның қоры 23,6 млрд долларына тең екен. Соңғы уақыттарда қайрымдылық іс-шараларына ақша бөлуден техника саласының мамандары (8,7 млрд) көш бастап тұр.

Массагет. кз сайты

Қайырымды отбасылар тізімінде көш бастаған жандарҚайырымды отбасылар тізімінде көш бастаған жандарҚайырымды отбасылар тізімінде көш бастаған жандар

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<