Қазақстандағы ең қымбат мамандықтар

486

0

Қазақстандағы ең қымбат мамандықтар Грант иегерлерінің есімдері шығатын уақыт таяп келеді. Мемлекеттік грант пен ректорлық жеңілдіктерге ие бола алмаған талапкер ақылы түрде білім алатыны белгілі. «Курсив» басылымы еліміздегі ең қымбат мамандық түрлерін атады.  
Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жалпы саны — 124. Басым бөлігі Алматыда (44) орналасқан.   Әр мамандықтың бағасы университет дәрежесі, білім беру мүмкіндігі мен технологиялық жағдайына, сонымен қатар, орналасқан жері мені оқытушылардың құрамына байланысты бекітіледі. Алматы мен бас қалада орналасқан университет бағалары айтарлықтай жоғары.  «Курсив» басылымы бакалаврдің күндізгі бөлім бойынша, ең қымбат салаларды көрстекен. Ендеше:
  1-орын – «Құқықтану» / “Заң ісі”
 Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде (ҚазҰУ) бір оқу жылы 1,5 млн теңге болса, Сүлеймен Демирел атынадағы университетте – 800 мың теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде – 788 мың теңге. 
2-орын – «Кеден ісі» 
ҚазҰУ оқу орнында оқу ақысы – 1,5 млн теңге. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде 420 мың теңге деп бекітілген. 
3-орын – «Қаржы» 
Экономикалық салалар талапкерлер арасында сұранысқа ие. Жалпы экономикалық салалардың оқы бағасы бір бірінен аса ерекшеленбейді. Соның ішінде, ең қымбаты «Қаржы» саласы болып тұр.  Қазақстан-Британ техникалық университеті (КБТУ) қаржы саласы бойынша білім береді. Бірақ, бір жылдық оқу ақысы орта есеппен 2,19 млн. теңге. ҚазҰУ-нде биылғы оқу бағасы 1,25 млн теңге болса, СДУ-да оқу ақысы. В СДУ 1,23 млн теңге. AlmaU университетінде оқу үшін 1,1 млн теңге көлемінде ақша төлеу керек.  
4-орын– «Есеп және аудит»
 Сұранысқа сәйкес бағасы жоғары салалардың бірі – «есеп және аудит».  ҚазҰУ — 1,25 млн теңге, AlmaU – 1,1 млн теңге,  Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде – 1,04 млн теңге, UIB – 750 мың теңге.  
5-орын – «Экономика» 
ҚазҰУ білім алу 1,25 млн теңге болса,  AlmaU – 1,1 млн теңгеге білім береді. «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының бағасы да осымен шамалас. Олардың 5-орынға еш қиындықсыз орналастыруға болады. Қызықты мақалалар:

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<