Банк картасы бұғатталса, не істеу керек?

537

0

Банк картасы бұғатталса, не істеу керек? Банк картасы бұғатталса, кез келген операцияны орындауға жол жабылады. Картаны оның иесі, банк немесе төлем жүйесі бұғаттай алады.

Не себепті бұғаттайды?

  1. Стандартқа сай емес әрекеттер байқалса

Картадан ақша ұрлау қаупі байқалғанда, банк бұғаттауы мүмкін.

Мысалы, Сіздің картаңыз арқылы шетелде төлем жасалып жатқанда немесе шетелде ірі сомада ақша шығаруға команда берілгенде бұғатталады. Барлық транзакцияларды бақылау қызметі стандартқа сай емес әрекеттерді ұрлық деп табады.

Банк алдымен карта иесіне хабарласады. Егер қоңырау шалу мүмкін болмаса, автоматты түрде бұғаттап, телефоныңызға СМС-хабарлама жібереді.

  1. Картаның көшірмесі жасалса

Стандартқа сай емес әрекеттер байқалмаса да, карта бұғатталуы мүмкін. Көшірменің жасалуы – соның бір себебі. Картаның көшірмесі скимминг құралдары арқылы банкоматтарда, дүкендерде, кафе, автожанармай құю станцияларында жасалуы мүмкін.

Мұндай бақылау жүйесі Visa және Mastercard карталарында бар.

  1. ПИН-кодты үш рет қате терген жағдайда

Бұл да – банк картасының бұғатталуының бір себебі. Банк алаяқтар картадан ақша шығаруға тырысып жатыр деп ойлап, барлық операцияларды тоқтатып тастайды. Кей банктер 24 сағаттан кейін автоматты түрде картаны қайта іске қосады.

  1. Картаның жарамдылық мерзімі аяқталғанда 

Жарамдылық мерзімі біткенннен кейін, карта іске жарамай қалады. Есесіне банк бөлімшесінде Сізді жаңа карта күтіп тұрады.

  1. Сот шешімі шыққанда 

Егер қарыздарыңыз болса, сот шешімімен картаңыз бұғатталуы мүмкін.

Банк картасы бұғатталса, не істеу керек?

Банкке хабарласыңыз. Телефон номері картаның артқы жағында тұр. Банк қызметкері Сізден жеке ақпараттар мен құпия сөзді сұрайды. Бұғатты шешу аздаған минуттарға созылады.

Банк қызметкерінің аты-жөнін біліп алыңыз

Жеке құпияларды айтқандықтан, банк қызметкерінің аты-жөнін біліп алған артық етпейді. Бұл сенімділік үшін қажет.

Бұғатталған картадан ақшаны қалай алады?

Бұғатталған картадан ақшаны шешудің бірнеше тәсілі бар:

  1. Ақшаны басқа картаға аударыңыз (өзіңіздің, досыңыздың, жақыныңыздың). Бұл процесті мобилді қосымша немесе интернет-банкинг арқылы жүзеге асыра аласыз.
  2. Есеп-шотыңыздан ақша шешіп алыңыз. Оны банк бөлімшесіне барып ала аласыз.
  3. Банкпен келісіңіз. Егер ақша тығыз қажет болса, банк қызметкеріне жағдайыңызды түсіндіріп көріңіз. Ол бір ретке бұғатты шешіп, ақша алғаныңыздан кейін, қайта бұғаттап қоя алады.

Шетелге шығарда банкке ескерткен жөн

Жоғарыда айтқанымыздай, банк картасынан шетелде ақша алынғанда, бұғатталады. Мұндай жағдай орын алмас үшін, банкке мобилді қосымша, интернет-банкинг арқылы немесе қоңырау шалып ескертуден бас тартағаныңыз жөн.

Банк картасын қолданушыларға пайдалы 7 кеңес

  1. Еуропаға саяхаттағанда Mastercard картасын қолданған тиімді.
  2. АҚШ-та American Express картасын пайдалаған жөн. Біріншіден, оны кез келген жерде қабылдайды. Екіншіден, ақша доллармен сақталады.
  3. Банкомат қасында чекті қалдырмағаныңыз жөн.
  4. Банкомат ақша бергеннен кейін, 20 секунд өтпей ақшаңыз бен картаңызды алыңыз.
  5. ПИН-кодты үш реттен артық термеңіз.
  6. Қоғамдық орындардағы емес, бизнес-центр, қонақ үй, сауда орталықтары тәрізді күзеті бар аумақтағы банкоматтарды пайдалануға тырысыңыз.
  7. Барлық операциялар жайлы біліп отыруыңыз үшін, SMS-хабарламала қызметін қосып алыңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<