Батутта абай болыңыз!

680

0

Батутта абай болыңыз! Балалар батутта секіргенді жақсы көреді. Ал ата-­аналардың көпшілігі балалардан ештеңе аямай, батуттан бас тарту себептерін көрмейді, әсіресе бүгінгі күні әр саябақта және көптеген балалар алаңдарының жанында балаларға арналған жарқын әрі тартымды батуттар тұр. Әрбір батуттың жанында «батутта балалар үшін ата-аналар жауапты болады» немесе «батутта балалардың қауіпсіздігі үшін батуттың иесі жауапты болмайды» деген мағынадағы тақтайшалар ілінген.

Батутта ойнау әсерінен сынық­тар мен шығулар жиі болады, ал батутта орын алуы мүмкін ең қауіпті жарақаттар мойын, бас және омыртқа зақымдары. Бұл ретте ешқандай қорғаныс торлары, жұмсақ борттары және тіпті батуттың өзі үрлемелі және жұмсақ болса да, жарақаттану қаупін төмендетпейді. Егер батутта бір уақытта бірнеше бала болса, жарақат алу қаупі айтарлықтай артады. Кішкентай балалар қауіпті сезінбейді, сонымен қатар ересек балалар кіші балалардың қауіпсіздігі туралы алаңдамайды және теледидардан көргендерді немесе тіпті жай ғана ойлап тапқан трюктерді жасауға тырысады. Бұл ретте ата-аналар баланың бақылауымен тыныш отыратынына және төленген уақыттың аяқталуын күтетініне толық сенімді болады. Бірақ қызметкерлер бұл үшін жауап бермейді, өйткені тақтайшадағы жазу арқылы ескерткен болатын. Олар тек батутта ақша төлемеген балалардың болмауын ғана қадағалайды. 

Мұқият болу керек, ең қауіпсіз аттракциондарды таң­дап, бала батутта болған кезде оны жіті бақылау және сақтандыру керек. Егер аттракционда қазіргі уақытта балалар көп болса, онда балаға басқа ойын-сауық орнын ұсыну  қажет. Балаға қауіпсіздік техникасы ережелерін түсіндіріп, не істеу керегін атап өткен жөн. Егер сіз батуттың қауіпсіздігіне сенбесеңіз немесе оның жоғарғы алаңы нашар жабылған болып, ешқандай кепілдік бермейтіндігін сезсеңіз, баланың төменге құлап кетпейтіндігіне кепілдік бермесе, онда осындай аттракционға барудан бас тартқан жөн. Кішкентай балаларды ересек балалармен бірге аттракциондарға жібермей, олардың жасына сәйкес алаңдарды және батуттарды таңдаған дұрыс.

 

Қызылорда облысы ТЖД.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<